Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / Жанар Толыбаева қайтадан түрмеге қамалды

Жанар Толыбаева қайтадан түрмеге қамалды

Әйгілі мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді өлтіру ісі бойынша сотталған Жанар Толыбаева қайтадан түрмеге қамалды. Айыпталушы баласымен бірге Алматы облысындағы ЛА-155/ 4 түзету мекемесінде жазасын өтейді. Ол осыдан бір жарым жыл бұрын облыстық соттың шешімімен бас бостандығынан шектелген болатын.  Алайда мұны естіген марқұмның жақындары сотқа аппеляциялық шағым түсірген.  Олардың арызы қанағаттандырылып, әйел түрмеге қайта тоғытылды.

Самат ҚАЙРАТҰЛЫ, АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ СОТЫ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСШЫСЫ:

Жәбірленуші тарап сот қаулысымен келіспей Алматы облыстық сотына аппеляциялық шағым беру мерзімін қалпына келтіріп, аталған сот қаулысын бұзуды сұраған. Сот алқасының қаулысымен жәбірленушінің жеке шағымы қанағаттандырылған. Осы орайда Толыбаева сот жазасын ары қарай өтеу үшін түзету мекемесіне қайтарылды.

Естеріңізге салайық, атышулы іске қатысты Жанар Толыбаева сотта кінәлі деп танылып төрт жылға бас бостандығынан айырылған еді. Оған мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді өлтіргендердің қылмысын жасырды деген айып тағылды. Үкім кезінде келіншектің құрсағында баласы болған. Колонияда босанғаннан кейін, ол соттан жазасын жеңілдетуді сұраған.  Соған орай қылмыстық істер жөніндегі алқа әйелді қауіпсіздік деңгейі төмен мекемеге ауыстырды.

Ә. Лесбек