$516.16 €584.86 ₽6.25
×

Нұрлан Нығматулин Армения Президенті Армен Саркисянмен кездесті

AstanaTV
04.06.2021ж. 20:00
1272
Нұрлан Нығматулин Армения Президенті Армен Саркисянмен кездесті

Қазақстан-Армян ынтымақтастығы одан әрі нығая түспек. Бұл туралы Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин мен   Армян Президенті Армен Саркисяннің  кездесуінде айтылды. Тараптар екі ел арасындағы өзара іс-қимылдың әлеуеті зор екенін атап өтті.   Қол жеткізілген уағдаластықтардың іс жүзінде жүзеге асырылуы үшін қажетті заңнамалық қолдау көрсетіледі.  Нұрлан Нығматулин саяси жүйені реформалау және Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасы бойынша отандық заңнамаға енгізілген өзгерістер туралы айтты.  Ал Армен Саркисян Қазақстан Орталық Азияда да, жалпы өңірде де болып жатқан барлық үдерістердің белсенді қатысушысы екенін атап өтті.

Ғ.Өтемісов