Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Ішімдік ішіп, рөлге отырғандар 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылады

AstanaTV
07.06.2021ж. 20:00
9379
Ішімдік ішіп, рөлге отырғандар  7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылады

Енді мас күйінде көлік жүргізгендерге жаза күшейтіледі.  Ішімдік ішіп, рөлге отырғандар  7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылады. Бұл туралы Әкімшілік полиция комитетінің басқарма бастығы Асқар Тәженов мәлімдеді.  Оның айтуынша, жүргізуші куәлігінен айырылған адам бір жылдың ішінде рөлге тағы отырса, 20 тәулікке қамалып, 8 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылады. Ал мас күйінде көлік тізгіндесе  5 жылға дейін бас бостандығынан шектеледі және  жүргізуші куәлігінен өмір бойына айырылуы мүмкін. Егер жол апатын тудырса  8 жылға түрмеге қамалады. Оқиға салдарынан кісі өлімі тіркелсе, бас бостандығынан айыру мерзімі 10 жылға дейін ұзарады.

Асқар ТӘЖЕНОВ, ҚР ІІМ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ КОМИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ:

Әкімшілік жазаның жаңа түрі енгізіледі. Ол – арест. Оны міндетті түрде қолданады. Жүргізуші мас күйінде алғаш рет ұсталса да, 15 тәулікке қамалады. Жол апаты кезінде адамдардың денсаулығына зиян келмесе, бірақ материалдық шығын болған жағдайда әкімшілік аресттің мерзімі 20 тәулікке ұзартылады. Мас жүргізуші 7 жылға куәлігінен айырылады.  
 
Елімізде  өткен бес айдың ішінде сегіз жарым мыңнан астам жүргізуші көлікті мас күйде басқарған. Соның салдарынан  149 жол апаты тіркеліп, 208 адам зардап шеккен. 30 адам көз жұмған.


Б. Сатуов