Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Маңғыстаудағы қуаңшылық мәселесін шешуге 204 миллион теңге бөлінді

AstanaTV
07.06.2021ж. 20:00
2730
Маңғыстаудағы қуаңшылық мәселесін шешуге 204 миллион теңге бөлінді

Маңғыстаудағы қуаңшылық мәселесін шешуге облыс бюджетінен 204 миллион теңге бөлінді. Өңірде жедел штаб құрылып, жем-шөп дайындау жұмыстары қолға алынды. Қазір  басты мәселе- малға азық жеткізу. Осыған орай  Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарымен келіссөздер жүргізілген. 15 маусымнан бастап  жем-шөп жеткізіледі.

Еркебұлан АХМЕТОВ, ҚР АШМ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІН ӨНДІРУ ЖӘНЕ ҚАЙТА ӨҢДЕУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

54 миллион теңгеге қазір 630 тонна арпа азық-түлік келісімшарт корпорациясы арқылы бөлінетін болып жатыр. Дәл қазіргі уақытта соны сатып алу рәсімделуде. Енді келесі аптаға дейін сол арпаны темір жолмен жеткізу мәселесі шешілетін болады.

Өңірде қуаңшылықтан соңғы бірнеше айда 536  жылқы қырылған. Қазір жалпы шығын   есептеліп жатыр. Нәтижесі  2 апта ішінде белгілі болады.   Соған сәйкес тиісті ұсыныстар  енгізіледі.