$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Шымкентте көпшілік құрылысқа неге қарсы шықты?

AstanaTV
07.06.2021ж. 20:00
2848
Шымкентте көпшілік құрылысқа неге қарсы шықты?

Шымкентте мөлтек аудандардың бірінің ішінен өтетін ішкі жолдың орны жылжытылуы көпшіліктің өре түрегелуіне себеп болды. № 65 мектеп-гимназияның маңында тұратындар жаңа құрылысқа қарсы. Білулерінше, ол жерде жол ғана емес, көпқабатты үйлер де салынбақ екен. Бұл басқаны айтпағанда балалардың өміріне қауіп тудырады деп санайды арнамызға арыз айтқандар. Мән-жайды әріптесім Айзада Төребекқызы анықтап келді.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Көпшіліктің наразылығын тудырған құрылыс осы. Жұма күні басталған жұмыс сенбі күні тоқтатылыпты. Бұқараның айтуынша, мөлтек ауданға кіретін ішкі жол бері жылжытылып, осы жерден тым мектепке тақалып түспек екен.

Шуласқан халық өткен аптада құрылыс басталғанда қуанып қалғандарын жасырмады. Үш -төрт жыл бұрын қала әкімдерінің бірі уәде еткен гүлзарды бастаған екен деп ойлапты. Алайда жолдан бөлек сегіз қабатты үйлер түседі деген жаңалық көңілімізді су сепкендей басып тастады дейді.   

Аманкүл ТҰРЛЫБЕКОВА, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:


Аллея бермесе бермей ақ қойсын, мектеп ашып берсін балаларға или спорт комплекс ашып берсін. 8 этажды үш үй не болады?! мына тамдардың барлығы жарылады. Не только жалғыз біздің там, не только мына № 65 мектеп, мынау мкр Сайрамның барлығы кетейін деп тұр. неғып? мына үш баняның суының барлығы астына кетіп жатыр біздің.


3,5 мыңнан астам бала оқитын мектеп, үлкен жолдан шеткерірек орналасқанмен ауысым кезінде мұнда кәдімгідей көлік кептелісі болады дейді жұрт. Тұрғындар егер айтылған көпқабатты үй түсер болса жағдайдың қандай болмағын елестете беріңіз деп отыр.   

Әліқұл ҚАЛМЕНОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Ол бір, одан кейін мына жолды мектептің шарбағының түбіне плотно алып барып 10 метр апарып тығып қойды.  Мына жақтан келген жолдың машинаның барлығы воротаға барып ары қарай кіріп кетпесіне кім кепіл. Ол болмайтын нәрсе мынау.


Жылдар бойы бос жатқан жердің жалпы аумағы 1 гектарға жуықтайды. Бірақ жолдың мектепке тым тақау түсіп жатқанын мегаполистің бас ұстазының өзі де келіп көрді. Тіпті өз ұсынысын да айтты.

Топтасқан топқа түсіндірме жүргізген аудан атқамінерінің айтуынша бұл жер бірәздан жекеменің меншігінде. 2003 жылы аукцион арқылы сатылған телімді қазіргі қожайын былтыр сатып алыпты.
 
Александр МАЛАХОВ, ШЫМКЕНТ қ. ЕҢБЕКШІ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:


Сәулет басқармасынан тиісті рұқсаты бар екен. Ал сегіз қабатты қос үйдің құрылысына ГАСКіден әлі рұқсат ала қоймапты.  Сондықтан әлі үйге кірісіп жатқан жоқ. Ал жолға келсек жолдың құрылысы сенбі күні тоқтатылды. Заңсыздықтар болмас үшін мен тұрғындарды ресми түрде арыз жазулары керектігін түсіндірдім. Бұл құрылыс талапқа сай ма, жоқ па тиісті орындар жауап беретін болады.


Құрылысқа жауаптылардыі бірі, бұл маңда көпшілік армандаған демалыс орны жоспарымызда бар деді.

Мұхтар АЙНАБЕКҰЛЫ, ҚҰРЫЛЫС КОМПАНИЯСЫНЫҢ ӨКІЛІ:


Қазір архитектурамен келісім соглосование бойынша мектептің алдына қоғамдық орын общественный сквер берілейін деп жатыр. Машиналар алдын қалай қойды, дәл солай қойылады. Қосымша төрт-бес парковочный жасалынады. Ал мынау соғылайын деп жатқан тұрғын үй кешені деп айтайық тұрғын үй кешенінің көліктері өз ішінде болады.

Алайда, халықтың бұл уәжге қаншалықты иланары белгісіз. Тұрғындар жолды да, көпқабатты үйді де салдырмаймыз деп тас түйін отыр. Олар бүгін аптап ыстыққа қарамай қол жинап, қала әкіміне жөнелтті. Ендігі үміттері шаһар басшысында.

А. Төребекқызы