$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Суриков ауылындағы ахуал әлі де күрделі күйде қалып отыр

AstanaTV
18.04.2016ж. 20:00
1854
Суриков ауылындағы ахуал әлі де күрделі күйде қалып отыр

Қостанай облысындағы Суриков елді мекенінде ахуал әлі де күрделі күйде қалып отыр. Су деңгейі бар-жоғы 3 сантиметрге ғана төмендеген. Құтқарушылар "аптаның соңына дейін ауыл ішін судан арылтамыз" деп отыр.

Талғат Кәкімов, Қостанай облысы төтенше жағдайлар департаментінің бастығы: 

Мамандар бір жұманың ішінде су деңгейі біраз төмендейді деп айтып отыр. Бүгін тағы 3 насос кетті қаладан. Электр қуатын беретін станция қойылып, тағы 3-4 жоғары қуатты насос іске қосылады.

Еске салайық, Суриков ауылын өткен аптада су басып, алпысқа жуық адам мен үй жануарлары қауіпсіз жерге көшірілген. Табиғи апатқа байланысты жергілікті деңгейде төтенше жағдай жарияланып, жедел штабтар құрылды. Қазіргі таңда құтқарушылар мен Батыс Қазақстан облысынан көмекке келген төтенше жағдай мамандары жұмыс істеп жатыр. Ауылды судан арылту ісіне 6 арнайы құрылғы мен төтенше жағдайлар департаментінің 2 көлігі жұмылдырылған. Департамент мамандарының айтуынша, олар тәулігіне 10 мың текше метр қызыл суды сыртқа шығарып жатыр.

Заңғар САНАЙ