$521.9 €593.5 ₽6.39
×

2025 жылға дейін 6 мыңға жуық елордалық жас жұмыспен қамтылады - Депутат

AstanaTV
08.06.2021ж. 20:00
2580
2025 жылға дейін 6 мыңға жуық елордалық жас жұмыспен қамтылады - Депутат

Нұр-Сұлтанда «Жастар – Отанға!» республикалық картасы әзірленді. Бағдарлама 2025 жылға дейін жүзеге асырылады. 5 бағытта жоспарланған жобада жастарға білім беру, жұмыспен қамту және еріктілер қозғалысын дамыту тетіктері қарастырылған. "Nur Otan" партиясы филиалы Саяси кеңес Бюросының өкілдері аталған мерзім ішінде қала жастарының 80 пайызын қамту көзделген деп отыр. Оған қоса 6 мыңға жуық жасты жұмыспен қамту мәселесі де жолға қойылады.

Бағдаулет ЖАНДІЛДАЕВ, НҰР-СҰЛТАН қ. МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Басқарма басшыларымен келісілгендіктен жауапкершілік өте жоғары болады. Қалалық жол картасында 26 индикатор 55 іс-шара жоспарланған. 5 жыл ішінде кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.

Ғ.Өтемісов