$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қарағанды облысындағы шахтада метан газы жарылып, 3 адам қаза болды

AstanaTV
31.08.2017ж. 20:00
4183
Қарағанды облысындағы шахтада метан газы жарылып, 3 адам қаза болды

Қарағанды облысында төтенше жағдай. "Қазақстан" шахтасында метан газы мен көмір қыртысы жарылып, 3 кенші қаза тапты. Тағы 4 адам ауруханаға жеткізілген. Апаттың нақты себебін арнайы құрылған ведомоствоаралық комиссия анықтауға кірісті. Оқиға орнынан тілшіміз Айжан Қуаш хабарлайды.

Айжан Қуаш, тілші:

Төтенше жағдай бүгін таңғы 4 сағат шамасында болған. Метан газы мен көмір 615 метр тереңдікте жарылған. Метанның мөлшері қалыпты деңгейден 18 есе артыпты. Ал осы кезде кен орнында жұмыс істеп жатқан 3 жұмысшы газдан уланып қайтыс болған.

Ибрагим Күлшімбаев,Қарағанды облыстық ТЖД бастығы:

Жаңағы тұншығып уланғандықтан, уақыт болған соң самоспасательдерін қолдануға. Ашылыпты жаңа көрдік.Бірақ,уақыт болмаған.

Шахта директоры, Александр Забелиннің айтуынша, кеншілер түнгі сағат 2-де ауысымға шыққан. Арада екі сағат өткен соң, метан деңгейін өлшейтін қондырғы дабыл қаққан. Сол сəтте жер астында жұмыс істеп жатқан 132 кеншінің 129 -ы жер бетіне көтеріліп үлгерген. Ал, дəл метан жарылған ұңғымадағы 3 адамды құтқару мүмкін мүмкін болмаған. Жастары 30-дан асқандар қыршыннан қиылды.

Александр Забелин, "Қазақстан" шахтасының директоры: 

Алдын ала болжам бойынша, метан газы мен көмір  жарылғаны анық.Салдарынан ұңғымаға жер қыртысының массасы үйіліп қалған. Қайтыс болған 3 шахтер үйінді астында қалмағанмен, сол газға уланған. Қазіргі таңда апатты аумақты газдан тазарту жүріп жатыр. Шахта жұмысы тоқтап тұр.

Марқұмдардың денесін әскерилендірілген апаттан құтқару қызметінің мамандары жер бетіне шығарған. Олар: Рустам Ахметжанов, Валерий Руденко, Максим Шебановтар. Шахтинск жəне жаңа Долинка кентінің тұрғындары. Барлығының отбасы бар. Кəмелетке толмаған 6 бала əкесіз қалды. Арселор Миттал Теміртау компаниясының өкілі, жапа жеккен кеншілердің отбасына материалдық көмек көрсетілетін жеткізді.

Вадим Басин, «Арселор Миттал Теміртау» АҚ атқарушы директоры:

«Арселор Миттал Теміртау»  компаниясы өз міндеттерін толық молйнына алады.Жапа шеккендердің отбастарына толық материалдық көмек көрсетіледі.

Тағы 4 кенші метан газынан уланып, облыстық медицина орталығына түсті. Оларға медициналық көмек көрсетілді. Қазіргі таңда болған оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Онда төтенше жағдайға жауаптылар анықталады. Əзірге ұңғымада қазба жұмыстары өткен жылдан бері басталғаны белгілі. Ал, көмір қыртыстарын бақылауда қандай кемшіліктер кеткенін өндірістік қауіпсіздікті қадағалау мамандары анықтайды.

Айжан Қуаш, тілші:

Бүгінде ведомствоаралық комиссия құрылды. Комиссия құрамына еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау,төтенше жағдай министрліктері мен Арселор Миттал компаниясының өкілдері мен құтқарушылар кірген. Мамандар 10 күнде Апаттың себебімен бірге шахталардағы хабарландыру жүйелері мен метанды өлшейтін қондырғылардың жұмысын тексереді . Өйткені, кен орындарындағы төтенше жағдайлардың алдын алу осы құрылғылардың жұмысына тікелей байланысты.Айта кетерлігі,метан газының жарылуынан соңғы 13 жылда 100 ден астам шахтер опат болған.