Қазақстанның жас өнер жұлдыздары арасында шағын- футболдан «ONER CUP» республикалық турнирі өтті. Әртістер, әншілер мен айтыскер- ақындар салауатты өмір сүру салтын насихаттап, бір-бірімен кездесіп, мәре-сәре болды. Достық кездесу Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған. Турнирге 16 құрама команда қатысты.
Ержан ХАМИТОВ, «JAS OTAN» ЖҚ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Ең бастысы бұл жерде жастар қатысып отыр. «Nur Otan» партиясының «Jas Otan» Жастар Қанатының 2025 жылға дейінгі «Жастар- Отанға» бағдарламасында, осы 5 бағытының бірінде осы тұлғалық даму, бос уақытын тиімді өткізу көрсетілген болатын. Салауатты өмір салтын насихаттау, бос уақытты тиімді өткізуге ықпалдасу ол жастар саясатының басым бағыттарының бір болып саналады.
Елімізде алғаш рет өткен ерекше турнирді «Jas Otan» Жастар қанаты мен танымал шоумен – Айбат Никулин бірлесіп ұйымдастырған. Карантиндік шектеулерге байланысты футбол көрерменсіз өтті. Алдағы уақытта бұл шараны аймақтарға челендж ретінде жолдау арқылы республикамыздың түкпір-түкпірінде өткізу жоспарланып отыр.
Қосқанат КӨПЖАСАРҰЛЫ, ҚАТЫСУШЫ:
Әр қалада бір- бір жақсы үйі бар досың болсын дейді. Сол сияқты біз де әр қаладан келіп отырған командалармен достық қарым қатынас, бір қазанда қайнап, бір терінің пұшпағын илеп жатқаннан кейін бұйыртса басқа қалаға тойға, жұмыс бабымен барып жатсақ солармен жақсылып қарым- қатынаста болу деп ойлаймын.
А. Қуаш