Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Солтүстік Қазақстанда 8 жасар қыз табылмай жатыр

AstanaTV
09.06.2021ж. 20:00
1249
Солтүстік Қазақстанда 8 жасар қыз табылмай жатыр

Солтүстік Қазақстанда өзенге шомылуға кеткен  8 жасар қызды құтқарушылар екі күннен бері таба алмай жатыр. Төтенше жағдай қызметіне баланың жоғалып кеткені туралы оның әжесі хабарлаған. Ауылға жазғы демалысқа келген үшінші сынып оқушысы ағасымен бірге ойнап жүріп, үлкендердің рұқсатынсыз Есіл өзеніне шомылуға барған.  Бірақ ағысы қатты су қызды бірден жұлып алып кеткен. Оны қасындағы ағасы  ешкімге  бірден айтпаған. Үйге келген соң да жасырған.  Кейін    ғана  ауылдан 500 метр жерге шомылуға барғандарын мойындайды. Қыз баланы өзеннен  іздеу шаралары   содан соң ғана  басталған.

Нұрбек БАЕКИН, СҚО ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ИНСПЕКТОРЫ:


Түнгі сағат 11-де ішкі істер органдарына қыздың туысқандары жүгінген. Жергілікті инспектор, төтенше жағдай қызметкерлерін және еріктілерді жұмылдырып, бірден іздестіру жұмыстарын бастап кетті. Жұмыстар түні бойы жұргізілді. Оған сүңгуірлер тартылды. Жұмыстар әлі де жалғастырылуда.

А. Құрманкин