$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Павлодарда 10 жылға созылған жерасты суының жыры бітер емес

AstanaTV
09.06.2021ж. 20:00
1750
Павлодарда 10 жылға созылған жерасты суының жыры бітер емес

Ал Павлодарда жерасты суының жыры бітер емес. 10 жылдан асқан күрделі мәселені жергілікті билік әлі шеше алмай келеді. Тұрғындар үйлеріміз құлайтын болды – деп қауіппен өмір сүріп жүр. Өйткені баспаналардың іргетасы суда тұр.  Мәселенің мән-жайын  Өзгеріс Қуанар тарқатады.

«2-ші Павлодар» аталып кеткен шағын аудан тұрғындарының жерасты суынан зардап шеккеніне 10 жылдан асқан. Алайда, мәселе әлі күнге дейін шешілмей келеді. Мамандар, судың қайдан келіп жатқанын анықтай алмай отыр.  Ал тұрғындар болса, үйіміз құлап қала ма - деп қорқады.  Өйткені, баспаналардың жертөлесі мен іргетасы суға толған.

Дәметкен СЫЗДЫҚОВА, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Үйіміз құлауға шейін қалды. Неше жылдан бері тапқан таянғанымызды соған құйып істеп жатырмын. Сважина істеткенмін бәлен мыңға, биыл сважинаны да жаптық. Огородққа скачавать етуге су не возможно. Вонючая вода. Уже вонючая вода скважинаға кетіп қалғасын что ждать можно? Питьевой су тартамыз - деп қойдық. Там новый колодец қойдық бәлен мыңнан. Там тожа полный вода. Вонючая вода. Туалеттің суы сасиды прям.


Жерасты суын сорғызу мақсатында шағын ауданға орталық кәріз жүйесі тартылған. Алайда, жобалау жұмыстарынан кеткен қателіктің салдарынан құбыр іске қосылмай жатып, жарылып қалды. Тұрғындармен кездескен шаһар әкімі мәселені алдағы 2 айда шешіміз - деп тағы уәде берді.

Ержан ИМАНСІЛӘМ, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Сарапшыларға жібердік. Соны қарап отырмыз қашан дайын болса, оны жалғастырамыз. Қазір осы уақытта өткізген кәріз желілері тексеріп жатырмыз. Өйткені қайдан келіп жатыр су қай неден дұрыстап тексеріп, жақсы нәтижесі болса, қосамыз үйлерді. Кәріз желілерін қосамыз.

Өкінішке қарай, құбырдағы ақауды мамандар әлі таба алар емес. Орталық кәріз жүйесін тартуға қазынадан  520 млн. теңге жұмсалған. Бірақ, тұрғындардар түйткілдің түбегейлі шешіледі дегеніне - сенуден қалған. Шыдамы таусылғандары қоныс аударуға бекініпті. Бірақ сыз тартқан үйлеріне алатын адам да табылар емес.

Ө. Қуанар