Шымкентте екінші деңгейлі банктердің бірінде жалған евро сатылған. 4 мың шетел ақшасын қаржылық құрылымның бес қызметкері алдын ала сөз байласу арқылы үш клиентке өткізіп жіберген. Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің дерегінше, банк филиалының бір маманы өзінің туысының сұрауы бойынша 6 мың жалған евроны ақшалай сыйақыға алыпты. Соның төрт мыңын сатып үлгерген. Қаржылық құйтырқылыққа жол берген бесеудің қылмысы дәлелденді, олар бес жылдан жаза арқалады. Ал жалған қаржыны ұсынған тұлғаға іздеу жарияланды,- дейді экономикалық тергеп-тексеру департаментінің өкілдері.
А. Төребекқызы