$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қарағандыда бағаны қадағалайтын мониторингтік топ құрылды

AstanaTV
11.06.2021ж. 20:00
1919
Қарағандыда бағаны қадағалайтын мониторингтік топ құрылды

Қарағанды қаласында дүкендердегі азық- түлік бағасын бақылайтын арнайы мониторингтік топ құрылды. Оған өңірде көкөніс құнының күрт қымбаттауы себеп  болған.Қазір өңірде картоптың бір келісі 300-350 теңге, ал сәбіздің  келісі-450 теңгеден сатылып жатыр.  

Қалада көкөніс бағасы шарықтап тұр. Шағын дүкендерде картоп  -350 теңге, ал сәбіздің бір келісі 450 теңгеге жеткен. Бірақ супермаркеттердегі баға бұған қарағанда  сәл төмен. Картоп 300, сәбіз 350, қызылша 550 теңгеден сатылып жатыр. Ал әлеуметтік павильондардың бірінде былтырғы картоп пен пияздың бағасы бүгін 70 теңгеге түскен.

«Сарыарқа- адалдық алаңы» жобасы аясында арнайы құрылған мониторингтік топ күнделікті тұрмыста жиі қолданылатын тауарлардың бағасын бақылайды. Биыл жаңа піскен  көкөніс өнімдері былтырғы жылмен салыстырғанда қымбатырақ. Ол заңды.  Дегенмен,  әлеуметтік қорда бар өнім бағасы шарықтап кетпеуі тиіс,- дейді мамандар.

Ирина МУСИНА, ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАЛЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІНІҢ СЕКТОР МЕҢГЕРУШІСІ:

Баға тұрақтылығын сақтайтын арнайы қор бар. 20-дан астам әлеуметтік  павильонда арзандатылған өнімдердің бағасы шектен тыс өсіп кетпеуін күнделікті қадағалаймыз. Ірі сауда орталықтарында да халыққа арзан бағадағы өнімдер ұсынылған. Барлық кәсіпкерлермен бұл жұмыстар бойынша келісім жасалған.

Қазір қалада әлеуметтік маңызды тауарлар мен көкөніс сататын 23 павильон бар. Мамандар олардың барлығында арнайы рейд өткізуді жоспарлап отыр.

А. Қуаш