$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Қызылжар төңірегіндегі Заречный кентіне қатынау қиындады

AstanaTV
18.04.2016ж. 20:00
1572
Қызылжар төңірегіндегі Заречный кентіне қатынау қиындады

Ал Қызылжар маңындағы Заречный кенті кішігірім аралға айналды. Есіл өзені арнасынан асып, аталған елді мекенге апаратын жолдарды су басқан. Асфальт үстіндегі судың тереңдігі бір метрге дейін жетті. Салдарынан жеңіл көліктердің қатынауы қиындады. Қазір тек автобустар ғана жүр. Жергілікті кәсіпкерлер болса, азық-түлікті жүк көліктермен тасуға көшкен. Топан судың кесірінен жолға жақын орналасқан 153 саяжай суға толды. Тасыған өзен үйлерге жеткен жоқ. Қазір ауылдың екі жағынан да төтенше жағдайлар және ішкі істер департаментінің арнайы штабтары қойылған. Құтқарушылар қос жолды күні-түні бақылауда.

Екатерина Шереметьева:

Саяжайыма бара жатқанмын. Мына суды көріп, сан соғып қалдым. Ешкім өте алмай жатыр. Жолда көлік кептелісі пайда болды. Енді судың кетуін күтеміз. Басқа амал жоқ.

Евгений Журавлев, СҚО ТЖД баспасөз хатшысы:

Қоғамдық көлік тоқтаған кезде тұрғындарды төтенше жағдайлар департаментінің жүк көліктері тасиды. Қазір су деңгейі көтеріліп барады. Бірақ тасқынның шарықтау шегі көпке созылмайды деп ойлаймын. Жақын арада бәрібір өзен деңгейі саябырсиды. Мәселен, Сергеев су қоймасында су деңгейі бір метрге дейін төмендеді.

Абзал ҚҰРМАНКИН