Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Жыл басынан бері елімізде 213 бала ажал құшты

AstanaTV
11.06.2021ж. 20:00
1781
Жыл басынан бері елімізде 213 бала ажал құшты

Жыл басынан бері елімізде 213 бала ажал құшты. Бұл алаңдатарлық жағдай. Абайсызда 30 бала терезеден құласа, соның  6-уы  көз жұмған. Жол апатынан  43 бала қаза тапты.   Ал  248 жасөспірім өз-өзіне қол жұмсамақ болған. Оның 164-ін құтқарып үлгергенмен, 84-і қыршынынан қиылды. Ішкі істер министрі "Балалар көп жағдайда ата-аналар қарауынсыз қалады. Соның салдарынан өкінішті жағдай орын алады" дейді.   

Ерлан ТҰРҒЫМБАЕВ, ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІ:

Себептер әртүрлі. Жалғыз болуына байланысты - 12 пайыз, достарымен қарым-қатынасының бұзылуына байланысты - 10 пайыз, білім беру ұйымындағы келеңісіздіктерге, қаржылық жағдайына байланысты - 3 пайыз және әр үшінші жағдай туыстарымен болатын жанжалдарға байланысты тіркеледі.

Жыл сайын балаға қауіп төндіріп, тәрбие ісімен айналыспаған, міндетін дұрыс атқармаған 5 мыңнан астам ата-ана жауапкершілікке тартылады. Мыңға жуығы ата-ана құқығынан айырылады.  Ал Татарстанда болған оқиғадан кейін мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Ішкі істер министрлігі  білім беру орындарын да тексеріп жатыр. Қазірдің өзінде бірқатар кемшілік анықталған. Мектептер 100 пайыз бейнебақылау жүйесімен қамтылғанымен, олардың жартысына жуығы бекітілген стандартқа сай келмейді.

Ерлан ТҰРҒЫМБАЕВ, ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІ:


Еліміздегі әрбір үшінші мектеп жедел хабарландыру жүйесімен, 8 пайызы дабыл түймешегімен, 5 пайызы бақылау және өткізу жүйесімен, 4 пайызы турникетпен, 1 пайызы металл іздеу құрылғысымен жабдықталған. Мектептердің тек 6 пайызы ғана күзет ұйымдарымен келісімшарт жасасқан.

Сондай-ақ Ерлан Тұрғымбаев   білім беру ұйымдарына алып келуге тыйым салынатын заттардың тізімі әзірленгенін айтты.  Ол  талап 13 маусымнан бастап күшіне енеді.

А. Базарбай