Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

Оралдық полицей ішімдік ішіп алып, апатқа түсті

AstanaTV
14.06.2021ж. 20:00
3114
Оралдық полицей ішімдік ішіп алып, апатқа түсті

Оралда да полиция қызметкері жол апатын жасады. Медициналық сараптама оның ішімдік ішкенін растаған. Мұны полиция депаратменті айтты. Енді мас күйінде жол апатына түскен қызметкерге қатаң шара қолданылмақ. Оқиға түнгі сағат екіде болған. Абай полиция бөліміне қарасты жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы арақашықтықты сақтамаған. Осының салдыранын алда кетіп бара жатқан көлікке соғылыпты. Облыстық полиция департаментінің дерегінше, тәртіп сақшысы үйінде аздап ішімдік ұрттаған көрінеді. Бірақ түн ішінде жұмысқа шақыртқан соң, көлік рөліне отырыпты.

Мөлдір САДЫРҒАЛИЕВА, БҚО ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІ МАМАНЫ:

Медициналық сараптама қорытындысына сәйкес полиция қызметкерінің жеңіл дәрежелі мас күйінде болғаны анықталды. Қазір бұл іске қатысты қызметтік тексеру жүргізілуде. Соның қорытындысына сәйкес полиция қызметкеріне ең қатаң шара алынатын болады.

Е. Карин