$516.93 €542.52 ₽4.98
×

Ауыз суға бөлінген 400 млн теңге қайда?

AstanaTV
14.06.2021ж. 20:00
1947
Ауыз суға бөлінген 400 млн теңге қайда?

400 млн теңге. Павлодар облысындағы Айнакөл ауылын сумен қамтуға, үш жыл бұрын осынша қаражат бөлінген. Бірақ бұқара қомақты қаржының шапағатын әлі күнге көре алмай келеді. Суға жарымай отырғандар, құмға сіңген судай жоғалған қаражаттың қайда жұмсалғанын өзара тексіріп көріпті. Бірқатар заңсыздықты анықтапты. Аймақтағы әріптесім Өзгеріс Қуанар тақырыпты тарқатады.

Суды кестемен береді. Мынаны былай аламызда үйге тамаққа, шайға  осылай құйып апарып, шәйімізді осы сумен жасаймыз. Суды кестемімен берген соң халық жари ма? Күн болса, ыстық. Көп адамдар суға жармайды.

Хамидолла Баязитов күнде таңертең ыдыстарды суға толырып алу үшін, ерте тұрады. Оған үлгермесе сусыз қалатынын жақсы біледі. Күндіз 3 сағатқа су берілгенімен, бір шелек су алу қыямет-қайым - деп отыр. Өйткені қысым жоқ, сыздықтап аққан су елдің тағатын тауысқан.
 
Хамидолла БАЯЗИТОВ, АЙНАКӨЛ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Май айынан бастап, суға жарымаймыз. Мына көрші ауылмен қырғи қабақ. жанжал. Олар бізді кесіп тастады. 3-4 күн су болмады осында. Елге 400 млн. ақша бөлініп тұрып, біз соның игілігін көрмей отырмыз. Сол ақша қайда кетті?

Бұқара қомақты қаражаттың қайда кеткенін білмейді. Айтуларынша, Айнакөл ауылына су жинайтын мұнара салынбаған. Су құбырын көрші тұрған Ленин кентіне қосқан. Екі ауылға бір ғана су жинау құрылғысы орнатылған, ондағы су соратын насостардың шамасы жетпейді – дейді ауыл халқы.

Татьяна ШАБАНОВА, АЙНАКӨЛ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Су жоқ қиналып кеттік. Ауылда өңкей қарт кісілер мен көп балалы отбасылар тұрамыз. Кейде шәйға су таппай қаламыз. Жуыну, кір жуу дегенді ұмыттық. Ішудің өзіне әзер су тауып отырмыз. Су болмай қалса, ішетін суды дүкеннен сатып аламыз. Жағдайымыз өте қиын. Ешкім біздің мәселемізге құлақ асып жатқан жоқ.

Ыстықта сусыз отырған 1600-ден астам тұрғын , қомақты қаражаттың қайда кеткенін білу үшін тексеріс жүргізіпті. Өзара бастамашыл топ құрып, заңгер жалдап, бірқатар былықтың да бетін ашқандарын айтады.

Альфия АЙДАРХАНОВА, АЙНАКӨЛ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Біз бастамашыл топ өкілдері аудит басқармасының бастығына бардық. Ол құжаттарды көтеріп, бізге көрсетті. Ол құжатта біздің ауылға су жинатын мұнара орнатылған - деп жазылған. Ал шын мәнінде ешқандай мұнара жоқ. Бізді көрші тұрған Ленин ауылына қосып қойған. Бірақ, тек біздің ауылға су тарту үшін 400 млн бөлінген. Бірақ, бөлінген қаражаттың қайда кеткенін білмейміз. Ешкім ол ақшаның қайда жұмсалғаны туралы ашып айтпай отыр.  

Жергілікті шенділер болса, үнемделген қаржы су құбырын тарту барысында бүлінген жолдарды қалпына келтіруге жұмсалды – ақталды. Ал жобаның неліктен өзгертілгеніне шенеуніктер жауап бере алмай отыр.

Амангелді РҮСТЕМОВ, АЛҒАБАС АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ:

Бізде суды ауылға жіберетін насосттық станса бар да, су тазартатын құрылғы жоқ. Биыл Ақсу қаласының құрылыс бөлімі қайтадан су тазартатын насостық станса салу бойынша жоба әзірледі. Жобалау жұмысына 3 млн 400 мың теңге бөлінді. Бұнымен «Қазмемжоба» ЖШС айналысып жатыр. Осы айда қоғамдық тыңдау өткіземіз. Содан кейін жоба мемлекеттік сараптамаға жіберіледі. Жоба ауылды толық сумен қамтуға бағытталған.

Өзгеріс ҚУАНАР, ТІЛШІ:

Су құбырының құрылысына тағы 175 млн теңге бөлінбек. Шенділер қомақты қаражат түгел ауылды қысы-жазы сумен қамтиды – деп сендіріп отыр. Бірақ, құрылыстың қашан басталып, қашан аяқталары да белгісіз. Сондықтан, айнакөлдіктердің биыл да жазды сусыз өткізетін түрі бар. Ал шыдамы таусылған тұрғындар енді Президенттен көмек сұрап хат жазбақ.  

Ө. Қуанар