Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

Демалыс базасында кәмілет жасына толмаған қыз баланы зорлаған

AstanaTV
15.06.2021ж. 20:00
2510
Демалыс базасында кәмілет жасына толмаған қыз баланы зорлаған

Петропавлда 17 жастағы қызды жабылып зорлады деген күдікпен 5 жігіт ұсталды. Оның үшеуі ғана қамалған. Қылмыс демалыс базаларының бірінде болған. Кәмілет жасына толмаған қыз, 20 шақырым жердегі демалыс орнында туған күнін атап өткен құрбысын құттықтауға барыпты. Көңіл көтерудің соңында, жабылып зорлау дерегі тіркелген.  Полицейлерге жәбірленушінің анасы шағымданып отыр. Арам пиғылды кімнің және қалай іске асырғанын полицейлер тергеу ережелеріне сәйкес айтудан бас тартты. Белгілісі – турбазада демалғандар 17 мен 20 жас аралығындағы жастар. Күдікке іліккен 5-удің, 3-уі уақытша ұстау абақтысына қамалса, қалған екеуі ешқайда кетпеу туралы қолхатпен уақытша босатылған.

Нұрбек БАЕКИН, СҚО ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ИНСПЕКТОРЫ:

Аталған факті сотқа дейінгі тергеп тексерілудің біріңғай тізіліміне ҚР қылмыстық кодексінің 120 бабының 3,1 бөлігі сексуалды сипаттағы зорлық зомбылық әрекеттері бойынша енгізілді.

А. Құрманкин