Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Жарылған жанар май құю бекетінінің қожайыны қамалды

AstanaTV
15.06.2021ж. 20:00
3147
Жарылған жанар май құю бекетінінің қожайыны қамалды

АҚШ-тың Иллинойс штатында Chemtool химиялық зауыты екі күн бойы жанып жатыр. Полицейлер мен құтқарушылар зауыттан бір миля радиуста тұратын барлық тұрғындарды қауіпсіз жерге шұғыл көшіруге кіріскен. Өртке не себеп болғаны әлі белгісіз. Өрт сөндірушілер оттың өздігімен сөнуін күтеміз - деп шешкен. Дегенмен билік экологиялық апаттан қауіптеніп отыр. Азот, қорғасын, күкірт қышқылы секілді зиянды химиялық заттар жақын маңдағы өзенге құйылуы мүмкін.

Күні кеше Ресейдің Новосібір қаласында да алапат өрт болып, жанар жағар май құю бекетінде жарылыс болды. Төтенше жағдайдан қаза тапқандардың саны 35- ке жетті. Бүгін қайғылы оқиға болған жанармай құю бекетінің директоры қамауға алынды. Қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала болжам бойынша газ тасушы көлік сұйытылған газды құю кезінде жерге қосылмаған. Салдарынан жанармай сақтайтын ыдыс тұтанып, атылған. Прокуратура аймақтағы барлық жанармай бекеттерін жаппай тексеруге кірісті.

А. Қуаш