Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Елордада «Адам жанының арашасы» атты кездесу жиыны өтті

AstanaTV
16.06.2021ж. 20:00
1669
Елордада «Адам жанының арашасы» атты кездесу жиыны өтті

Маусым айының үшінші жексенбісі-медицина қызметкерлерінің күні. Осыған орай Елбасы кітапханасында «Адам жанының арашасы» атты кездесу жиын өтті. Бұл жандарды бейбіт күннің батыры деуге болады. Пандемия басталғалы күндіз-түні тынбай   адам өмірімен күресіп, жан аямай еңбек етіп келеді. Алғы шепте жүргендіктен қауіпті індетті алғашқылардың бірі болып жұқтырып, арасында көз жұмып кеткен дәрігерлер де бар. Басын қатерге тігіп, науқасты аман алып қалу үшін бар білімі мен біліктілігін сарп еткен ақ халатты абзал жандар жоғары құрметке лайықты.

Жұлдыз ДАНБАЕВА, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ №3 КӨПБЕЙІНДІ ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:


Осы екі жыл өте ауыр болды біз үшін, күрделі болды. Өкінішке орай біздің қатарымыздағы дәрігерлер осы бірінші майданда жүріп қайтты. Мен ойлаймын олардың аты тарихта мәңгі қалады деп. Және де міне екінші жыл болды, осылай екі жылда біз короновирус жұқтырған 9757 адамды емдедік.Инфекциялық блокта 2448 адамды емдедік.

Б. Сатуов