Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Алматыдағы «Атакент» саябағы жаңартылғалы кәсіпкерлердің саудасы қызған

AstanaTV
17.06.2021ж. 20:00
2131
Алматыдағы «Атакент» саябағы жаңартылғалы кәсіпкерлердің саудасы қызған

Алматыдағы «Атакент» саябағы түлеп-түрленді, жаңа кейіпке енді. Бұл оң өзгеріс демалыс орнында кәсіп істеп, сауда жасайтындардың тірлігін төрге сүйреді. Себебі қазір саябаққа келушілер көп. Сәйкесінше, кәсіпкерлердің саудасы қызуда. Халықаралық стандартқа сай модернизацияланған саябаққа тілшіміз Әсем Лесбек барып келді.


Жұрт арасында көрме орталығы ретінде танымал «Атакент» саябағы 1992 жылы салынған. Осыдан үш жыл бұрын кешен түгелдей қаланың коммуналдық меншігіне өтті. Ең бірінші өзгеріс-бұрын көліктер сыймай, ығы-жығы боп жататын орталық алдындағы автотұрақ жойылды. Қазір ол жер жұрт серуендейтін орынға айналған. Сондай-ақ демалыс орны аумағында жаңа сауда орталығы, балалардың ойын алаңы, түрлі тамақтану орындары мен көрме павильондары ашылды. Саябақтың қазіргі келбеті ерекше


Всеволод ДЕМИДОВ, СУРЕТШІ:

Шеберханамның осы саябақта орналасқанына қуанамын. Таза ауа, таза орын. Шабытым ашылады. Суретшілер мен зергерлерге бұл өте маңызды. Айналаңа қарап, түрлі идея пайда болады. Ерекше туындылар шығады. Жұрт та қуана-қуана алып жатыр.


Саябақ аумағындағы кәсіпкерлер де суретшілердің сөзін растайды. Олар жаңашылдық кәсібіміздің дөңгеленуіне әсер етті дейді. Келушілер көбейген, сауда қызып тұр.


Артем ЯКУПОВ, КӘСІПКЕР:

Біз мұнда скандинавиялық жүргіншілерге арналған таяқшыларды сатамыз. Басқа да түрлі спорттық тауарларымыз бар. Маған «Атакенттің» қазіргі келбеті ұнайды. Таудың етегінде. Тауға бара жатқан кез-келген жан, дүкенге кіріп сауда жасамай кетпейді.


Кешендегі өзгеріс қала тұрғындарының да көңілінен шыққан. Олар саябақтағы әбден тозығы жеткен нысандардың түгел жаңарғанына қуанышты. Бұрынғы «Атакент» пен қазіргі «Атакентті» мүлдем салыстыруға келмейді дейді.


– Осы қазіргісі ұнайды. Ішінде барлық жағдай бар. Мысалға, киінуге де болады, балалармен ойнауға да болатын здания бар.

– Бұрын нашар болған. 01/46 Бауыржанның кезінде мына көшелер жөнделді ғой. Одан кейін жөнделгенін көргенім жоқ. Бауыржанның кезінде тазалық кірді.

– Таудың етегінде. Жақсы, көгал, таза, тыныш. Балалар үшін жақсы жағдай жасалған ойын алаңдары бар.


Экономист Мақсат Халықтың айтуынша, саябақтың жаңартылуы туристер санын да арттырады. Көркі кірген көрмені тамашалаушылар көп.


Мақсат ХАЛЫҚ, ЭКОНОМИСТ:

Әдемі, көрікті саябақтардың болуы ол әрине бірінші кезекте қаланың тұрғындарының өзіне күшті пайдасын тигізсе, екінші жағынан туристердің тартылуына септігін тигізеді. Шетелден келетін де өте көп көрмелер орын алатын болады. Сол аймаққа шетелдік капиталдың ағылуына, инвестицияның тартылуына септігін тигізеді.


Саябақта арнайы велосипед жолы мен ит серуендетуге арналған орындар бар. Тұрғындар мен қала қонақтары үшін барынша қолайлы жағдай жасалған.


Ә. Лесбек