Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / Алматы облысының жастары карантин кезінде белсенділік танытқан

Алматы облысының жастары карантин кезінде белсенділік танытқан

Алматы облысының жастары карантин кезінде белсенділік танытқан. Олар індет басталғалы халыққа гуманитарлық көмек көрсетіп, түрлі қайырымдылық шаралар жасап келеді. Өңірге іс-сапармен барған Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары жастардың игі бастамаларына қолдау білдірді. Марат Әзілханов қоғамдағы бейбітшіліктің пен патриотизмнің де маңыздылығын атап өтті.


Талдықорған қаласына арнайы іс-сапармен келген Марат Әзілханов аймақтағы этномәдени орталықтар мен жастар қозғалысы мүшелерінің жұмысымен арнайы танысты. Басқосуда «Жаңғыру жолы» штабының төрайымы аймақтағы жастардың белсенділігін алға тартты. Олар пандемия басталғалы халыққа гуманитарлық көмек көрсетіп, қолдау білдірген.


Руфина УСЕНОВА, ОБЛЫСТЫҚ ҚХА МҮШЕСІ, «ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ» РЖҚ ШТАБЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Былтырдан бастап, біз көбінесе қайырымдылық шаралар өткізе бастадық. Ол көпбалалы аналарға арналған көсек көрсету, мүмкіндіктері шектеулі жандарға арналған. Маска тағыңыз, біз біргеміз деген акция 30 добрых дел деген акцияларды ұйымдастырып жатырмыз.


Шарада мемлекеттік тіл жанашыры Владимир Чепель өзге этностар арасында Мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру қажеттігін айтты. Ол әлеуметтік желі арқылы мемлекеттік тілді үйренуге болады дейдй


Владимир ЧЕПЕЛЬ, ҚАПАЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ АППАРАТЫНЫҢ БАС МАМАНЫ, МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ ЖАНАШЫРЫ:

Қазір қоғамдағы кез-келген адам гаджетсіз жүрмейді. Барлығымыз ұялы телефон қолданамыз. Мемлекеттік тілді сол телефонан-ақ үйренуге болады. Күнде таңертең қазақша әуен немесе жаңалық тыңдап дағдылансақ, тіліміз де ойымыз да соған жаттығып қалады.


Кездесу барысында Марат Әзілханов этномәдени бірлестіктер мен «Жаңғыру жолы» өңірлік жастар қозғалысының өкілдері облыс, қала және аудан әкімдіктері жанындағы Жастар ісі жөніндегі кеңесі құрамына енгізетінін атап өтті.


Марат ӘЗІЛХАНОВ, ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ, ХАТШЫЛЫҚ МЕҢГЕРУШІСІ:

Біздің ассамблеяда жастардың орны ерекше. Жастардың қатарымен ассамблеяны толтырып жатырмыз. Қазір Нұр-Сұлтан қаласында ең үлкен жастар қозғалысымен мемерандумға қол жеткіздік. Ол бик севен дейді. Жеті қомақты жастар ұйымдарымен ортақ мәмілеге келіп, оспарларды құрдық.


Мұндай ауқымды кездесулердің алдағы уақытта барлық өңірлерде өткізілмек. Ассамблеясы төрағасының орынбасары күні кеше Павлодар, Алматы қалаларында болғанын алға тартты.


Ә. Лесбек