$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Жұрт жанар-жағармайды ақшасына таппай жүр

AstanaTV
21.06.2021ж. 20:00
2282
Жұрт жанар-жағармайды ақшасына таппай жүр

Оңтүстікте дизель отыны қат болып тұр. ШымкенШымкент пен Түркістан облысында автокөлік жүргізушілері жанар- жағармайды апталап таппай жүргендерін айтады. Ауыр жүк көліктерінің дені қаңтарылып тұр дейді. Шаһарда жоғары сұранысқа ие АИ-92 маркілі бензин де тапшы. Өңірден-Айзада Төребекқызы.

Темір тұлпар тізгіндегендердің күні бойғы уақыты май құю бекетін аралаумен өтіп жатыр деуге болады. Жұрт өткенде сұйылтылған газ таппай қиналып еді, енді АИ-92 маркілі бензин іздеп сабылып жүр. Кейбір бекеттер жоқ десе, кейбірі талонмен ғана беріп жатыр.

Жүргізушілер мұның бәрі қолдан ұйымдастырылған тірлік деп санайды. Оның өзіндік себептері бар дейді.

Ақәділ ӘШІРБЕКОВ, ЖҮРГІЗУШІ:

Газ көп жерде жоқ қазір. Бірақ қымбаттап кетті. Сол қымбаттату үшін әдейі жоқ боп жатыр ау. Қазір 95 теңге болды газдың бағасы. +Сол әдейі осындай талонмен құйып, халықты соған үйрету керек боп жатырда, сол себептен сондай болып жатыр ол.

Мегаполисте дизель отыны жоқтың қасы. Ауыр жүк көліктері бар компаниялардың көбісінің жұмысы тоқтап қалды. Жүргізушілер соңғы бір аптада сұйық отын іздеп сенделіп кеттік дейді.

Айдархан НҰРБАЕВ, ЖҮРГІЗУШІ:

Қазір 8 заправканы көрдім. Сегізінде де солярка жоқ. Соңғы заправка осы Петро. Бұл жерде солярка жоқ. Машина өшіп қалды, міне тұрмыз. Қазір бір апта болды солярка жоқ деп жатқанына. Гелиуске барсақ талон дейді. ТС ке барсақ талон дейді. Ал ол талонды біз қайдан аламыз? Магазинде сатып жатқан зат емес қой барып ала салатын, өстіп халықты қинап жатыр.

Жанар-жағармай тапшылығы алыс жолға жүк артқандардың да жолын бөгеуде. Май құю бекеттерінің маңында ұзын сонар кезек.

Бахтиер АЙТИЛОВ, ЖҮРГІЗУШІ:

Мен Ресей елінінен Тәжікстанға кетіп бара жатыр едім, алайда екі күннен бері тұрып қалдым. Себебі Қазақстан Ақтөбеден бері қарай бойынша солярка жоқ. Барлық бекеттерде талон сұрайды, бізде талон қайдан болсын. Жүк көліктеріміздегі тоңазтқыштарымыз еріп жатыр, ішіндегі тәттілер бұзылды. Ертең бұл шығынымызды кім өтейді, оның үстіне солярканың қашан болатынын да айтпайды. Жүре алмай тұрмыз.

Ал аудан арасында жолаушы тасымалдайтындар қымбаттығанына қарап жатқан жоқ. Тапқанын құйып жатыр.

Санжарбек ЖҮРГІЗУШІ:

Кентау-Шымкент бағытында жүрем старекспен. Осы солярка проблема боп жатыр бізге. .Жоқ. Қалада жоқ. Уже үш-төрт күн болды ау деймін. Қымбат. 210 теңгеден құйып жатырмыз, 220 теңге болып жатыр. Бұл жерде -190.

Жұртшылық өңірде мұнай өңдеу зауыты бола тұра бұл тапшылықты түсіне алмай дал. Айтуларынша, зауыттағы жөндеу жұмыстары 6-маусымда аяқталған. Зауыт өкілдері де, Энергетика министрілігіндегілер де барлық қондырғы тұрақты жұмыс істей бастағанын айтады.

Талғат ҚҰРМАНБАЕВ, ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРЛІГІ МҰНАЙ ТАСЫМАЛДАУ ЖӘНЕ ӨҢДЕУ ДЕПАРТАМЕНТІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

13 маусымнан бастап бензин өндірісі қайта жанданды, соңғы 5 күнде орташа тәуліктік өндіріс 6,5 мың тоннаны құрады. 16 маусымнан бастап дизель отынының өндірісі қалпына келтірілді, соңғы 4 күнде орташа тәуліктік өндіріс 5,6 мың тоннаны құрады. Бұл ретте еліміздің оңтүстік өңірлерінде мұнай өнімдерін тәуліктік тұтыну: Аи-92 бензині бойынша 5,31 мың тоннаны, ал дизель отыны бойынша - 5,6 мың тоннаны құрайды. Осылайша, мұнай өнімдерін өндіру ағымдағы қажеттілікті толығымен қамтиды.

Сондай-ақ ресми ақпарат бойынша зауыт қорында 23 мың тоннадай өнім бар. Ал аймақтағы тапшылықтың нақты қашан ретке келері белгісіз. Жергілікті атқамінерлер бар мәселені министрліктегілерге сілтеп отыр.

А. Төребекқызы