Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

ШҚО зағиптар қоғамына нұротандықтар музыкалық құрылғы алуға көмектесті

AstanaTV
29.08.2017ж. 20:00
3031
ШҚО зағиптар қоғамына нұротандықтар музыкалық құрылғы алуға көмектесті

«Нұр Отан» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында Өскемендегі зағиптар қоғамының өнер ұжымына музыкалық құрылғы сыйға берілді. Енді өнерпаздар тек өз сахналарында ғана емес, қалада өтетін өзге де іс-шараларда өнер көрсетуге мүмкіндік алып отыр.

Қалалық зағиптар қоғамына қарасты шығармашылық ұжымның жетекшісі Александр Леонтьевтің айтуынша, микшерлі пульт сатып алу олардың көптен бергі арманы болған. Дегенмен, оған қажетті 200 мың теңгені жинау оңайға түспеген. Сондықтан музыканттар партияның қоғамдық қабылдау бөлмесіне хабарласқан. «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Майраш Екібасовамен бірге олар «Қазцинк» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне хат жолдаған. Конституция күні қарсаңында сыйлық қолдарына тиіп отыр.

Майраш Екібасова, «Нұр Отан» партиясы Өскемен қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

«Қазцинк» кәсіпорны бізге музыкалық құрылғыны алуға көмектескенде, әсіресе шығармашылық ұжымның қуанышында шек болған жоқ. Енді музыкалық әрлеудің де сапасы артты. «Кедергісіз келешек» - бұл біздің партияның ерекше жобасы.