Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Бүгін-екінші дүниежүзілік соғыс басталған күн

AstanaTV
22.06.2021ж. 20:00
1390
Бүгін-екінші дүниежүзілік соғыс басталған күн

Бүгін жер-жаһанды шарпыған екінші дүниежүзілік соғыстың басталғанына - 80 жыл. «Nur Otan» партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалы еске алу шарасын өткізді. Жұрт тосыннан төнген фашист басқыншыларына қарсы тұрып, ерліктің үлгісін көрсеткен қазақстандық жауынгерлердің рухына тағзым етті.

Тарихшылардың дерегінше, Батыс Қазақстан облысынан 80 мыңнан астам адам соғысқа аттанған. Соның 60 мыңы елге оралмады. Мәскеу мен Сталинград қаласын азат ету шайқасында алты мыңнан астам батысқазақстандық ерлікпен қаза тапты.Ел тарихындағы қасіретке толы бұл жылдар ешқашан ұмытылмайды. Майдан даласында шейіт болған жауынгерлердің рухы ешқашан өшпейді. Нұротандықтар еске алу шарасын алдағы уақытта облыс көлемінде жүйелі түрде ұйымдастыруды көздеп отыр.

Мұрат МҰҚАЕВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ БҚО ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Бұл акцияның ең басты мақсаттарының бірі – жас ұрпақтың патриоттық сезімін нығайту, тарихқа тағзым етіп, мынау біздің ата-бабаларымыздың сұрапыл соғыс кезіндегі қаза болған ерліктерін насихаттау, сонымен қатар артымыздан ерген ұрпақтарға үлгі ретінде болады деп есептейміз.

Е. Карин