Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

«Парламент сөзі» сыйлығы табысталды

AstanaTV
22.06.2021ж. 20:00
1697
«Парламент сөзі» сыйлығы табысталды

Елордада үздік журналистер марапатталды. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің кәсіби мерекесіне орай ұйымдастырылған «Парламент сөзі» сыйлығын табыс етті. Заң шығару қызметін теледидар, мерзімдік баспасөз беттерінде, ақпараттық агенттіктер мен радиода насихаттап, үздік деп танылғандар арнайы марапатқа ие болды. Олардың арасында біздің әріптесіміз, "Астана" телеарнасының операторы Нұржан Махмутов та бар. Айта кетейік, жеңімпаздар сегіз аталым бойынша сынға түсті. Ал парламенттік сыйлық биыл бесінші рет беріліп отыр.

Нұрлан НЫҒМАТУЛИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Барлық саяси, әлеуметтік, экономикалық өзгерістер, соның ішінде, Парламенттің заң шығару қызметі әрқашанда, тікелей ақпарат құралдарының назарында болды. Сондықтан, журналистер әрқашанда тәуелсіздікпен бірге жасап, егемен еліміздің әрбір жеңісін, әрбір жемісін насихаттап, еліміздің, халқымыздың өмір сапасын одан әрі арттыруға зор үлес қосып келе жатыр.

Б. Сатуов