Павлодарда рулге ие бола алмай қалған көлік жүргізушісі жаяу жүргіншілер жолағын бояп жатқан жұмысшыны қағып кетті. Жүгенсіз жүргіншінің бұл әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалды.Жол апатынан жарақат алған жұмысшы медициналық көмекке жүгінген. Ал көлік автотұраққа қойылды.
Жанна БІЛӘЛОВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
Жол ережесін бұзған жүргізушіге қатысты Әкімшілік кодекстің 610 бабы бойынша іс қозғалып, 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Ал Әкімшілік кодекстің 611 бабы бойынша қозғалған іс сотқа жолданды.
Павлодар қаласының орталық көшесінде тағы бір жол апаты болып, 2 адам қаза тапты. Түнгі сағат үште қатты жылдамдықпен жүйткіп келген Toyota Windom және Lada Granata көліктері соқтығысқан. Салдарынан Lada көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Тағы үш адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. 24 жастағы науқас жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер оның жағдайы тым ауыр – деп отыр.
Ө. Қуанар