Өскемендегі Үлбі метталургия зауытында ядролық отын сақтайтын қойманың құрылысы аяқталды. Бірегей ғимарат екі жылда салынып бітті. Халықаралық жобаның құны 700 миллион теңге. Оның ресми ашылу рәсімі ертеңге жоспарланып отыр. Мамандар 8 баллдық жер сілкінісне төтеп беретін, қауіпсіздік жүйесі жоғары деңгейдегі қойманы алғашқылардың бірі болып БАҚ өкілдеріне көрсетті.
Нысанның жалпы аумағы шамамен 900 шаршы метрді құрайды. Бұл қойманы жергілікті мамандар салды. Бірақ олар халықаралық атом энергиясы агенттігінің техникалық талаптарын негізге алған. Қауіпсіздігі жоғары, қабырғасы қалың қоймада 60 бөшкеде уран сақталатын болады. Физикалық және техникалық қорғанысы мықты қойма Үлбі зауытының аумағында орналасқан. Төмен байытылған уранды сақтау жөнінде мол тәжірибесі бар кәсіпорын 20 жылдан бері халықаралық атом энергиясы агентігінің кепіл режимі бойынша жұмыс істеп келе жатыр. Сондықтан болар, халықаралық агенттік ядролық отынды сақтауға осы зауытты таңдаған.
Сергей Сидоров, «Үлбі металлургия зауыты» АҚ қауіпсіздік жөніндегі директоры:
Гексафторид ураны өте қауіпті зат, ал оның осы жерде сақталуы ешқандай қауіп төндірмейді. Неге десеңіз, оның қоршаған ортамен тығыз байланысы +50 градустан жоғары болған жағдайда басталады. Ал, оған дейін қатты заттың белсенділігі тым төмен болады.
Ядролық отын сақталатын қойма қабырғасының қалыңдығы - 12 сантиметр. Бұл контейнерлер АҚШ-та жобаланып, сол жақтан жасалған. Қойма температура реттегіш құралдармен жабдықталған. Арнайы құралдар сәл ғана фтор немесе радиация пайда бола қалса, бірден белгі береді, яғни дабыл қағады.
Сергей Сидоров, «Үлбі металлургия зауыты» АҚ қауіпсіздік жөніндегі директоры:
Тәжірибеге жүгінетін болсақ, бұл баллондардың 50 жылдан бері ешқандай ақауы анықталмаған екен. Биіктен құлатып, апаттық аумақтарда сынап көргенімен, сыр бермепті. Яғни, беріктілігі мен тиімілігі дәлелденген.
Жобаны салуға 700 миллион теңге жұмсалған. Қомақты қаражаттың жартысынан көбін халықаралық атом энергиясы агенттігі төлеген. Қалған қаражатты Үлбі зауыты көтерді -дейді кәсіпорын өкілдері.
Александр Ходанов, «Үлбі металлургия зауыты» АҚ өткізу жөніндегі директоры:
Бұл - МАГАТЭ ашып жатқан бірегей банк. Өйткені оның әлемде теңдесі жоқ. Мұнда сақталатын материал халықаралық атом энергиясы агенттігіне ғана тиесілі болады.
Өскемендегі ядролық отын банкін салу барысында Қазақстен мен Халықаралық атом энегериясының агенттігі 25 рет келіссөз жүргізген көрінеді. Акционерлік қоғамның өкілі Александр Ходановтың айтуынша, әзірге қоймалар бос тұрады. Жыл соңына дейін МАГАТЭ ядролық отын алу жайлы тиісті құжаттар әзірлеуі тиіс. Төмен байытылған уранның алғашқы легі 2018 жылы жеткізілмек.