$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Бірнеше вакцинаны қатар салғызуға болады дейді ғалымдар

AstanaTV
30.06.2021ж. 20:00
2172
Бірнеше вакцинаны қатар салғызуға болады дейді ғалымдар

Елімізде эпидахуал күннен күнге нашарлап  барады. Соңғы тәулікте ауру жұқтыру дерегі күрт өсті. 2 мыңнан астам адам індетке шалдыққан. 13 адам көз жұмды. Дәрігерлер   ауруханаға 40-қа дейінгі жастардың жиі түсіп жатқанына  алаңдап отыр. Емдеу мекемелеріндегі төсек орын-65 пайыз  толған.   Сондықтан мамандар вакцинациялау қарқынын арттыру керек дейді. Қиын жағдайдан шығудың жолы-тек осы.

Бірнеше вакцинаны қатар алуға болады! Одан пайда болмаса, зиян жоқ.  Ғалымдар осылай дейді. Олардың айтуынша, бірнеше екпені салдыру практикасын әлемге танымал Режеп Тайып Ердоған, Ангела Меркель сынды саясаткерлер қолданған. Елімізде қыркүйектің соңына дейін 10 миллион адамға екпе алу қажет.   Қолданыстағы 4 вакцина да аурудың жеңіл өтуіне көмектеседі. Сондықтан жұртты екпе алуға шақырамыз, дейді ғалымдар.

Рафаиль ҚЫПШАҚБАЕВ, МҒК, МВА ҚДСЖМ ЭПИДЕМИОЛОГИЯ ЖӘНЕ ДӘЛЕЛДІ МЕДИЦИНА КАФЕДРАСЫНЫҢ ДОЦЕНТІ:

Вирус - бұл ақуызбен қапталған жасушадан тыс форма. Сондықтан, ол  өмір сүру үшін  бейімделуі керек.Өкінішке қарай,вирус тез бейімделеді. Әрбір жаңа мутация вирустың нығаюы болып табылады. Яғни, бұл инфекцияның тез жұғуына және аурудың ағымын жылдамдатуға бағытталған. Осы себепті, мүмкіндігінше тезірек екпе алу ең дұрысы деп білеміз.

«Дельта» штаммының  қарқындылығы өте жоғары.Сондықтан ғалымдар  балалар мен аяғы ауыр әйелдерге де екпе салуды қарастыру керек екенін айтады.

Айнагүл  ҚУАТБАЕВА, ҚР ДСМ ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:


Білесіздер, қазір әлем  елдерінде балаларға 12-жастан бастап   вакцина салу жұмысы жүргізіліп жатыр.Әрине, екпенің қауіпсіздігі дәлелденген ғылыми негізде жасалып жатыр. Әрі ғалымдар мен екпе өндірушілер өзге де тәсілдермен осы сауалды зерттеп жатыр. Қазақстанда да бұл сұрақ зерттелу үстінде.

Қазір халықты вакцина алуға ынталандыру үшін елімізде пәтерден бастап, көлікке, 12-ші айфонға дейін ойнатылып жатыр. Алайда, халық сыйлыққа емес, өз денсаулығына саналы түрде келсе екен,дейді мамандар.

Л. Қуанышқызы