Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Елде жанар-жағармай бағасын реттеу үшін мемлекеттік зауыт тұрғызу керек, - сарапшы

AstanaTV
30.06.2021ж. 20:00
1790
Елде жанар-жағармай бағасын реттеу үшін мемлекеттік зауыт тұрғызу керек, - сарапшы

Елімізде бензин бағасы да ырыққа бағынбай барады. Оған бәсекелестіктің жоқтығы себеп дейді, -сарапшы Марат Бәшімов. Оның айтуынша елде мұнай өнімдерін өндіретін мемлекеттік зауыт тұрғызу керек. Баға сол кезде ғана тұрақтайды дейді.  Ал, жауаптылар бағаны нарық реттейді деп отыр.  Толығырақ Бекболат Сатуов тарқатады.

Бекболат САТУОВ, ТІЛШІ:

Нұр-Сұлтан қаласында май құю бекеттерінде  кең қолданыстағы АИ-92 бензинінің бір литрі  қазір 170-175теңгеден аралығында саудаланса, Ай-95 198-205 тегеден сатылып жатыр. Бұл жыл басындағы бағамен салыстырғанда 15-20 теңгеге қымбат. Бұрын 2 мың теңгеге 14 литр жағар май құйсаң, қазір бұл ақшаға10-11 литр ғана  түседі.


Баға бағамы әр өңірде әр түрлі. Мәселен жанар-жағармай қымбатшылығы Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында байқалады.  Әзірге ең төменгі баға Қызылорда облысында. Бензиннің бір литрі -170 теңге. Бірақ мұның өзі  өткен жылмен салыстырғанда 10-12 пайызға қымбат.  

БЛИЦ:

- Қазір литрін 200 теңгеден алып жатырмыз. Әрине бұл қалтаға салмақ салады. Айлық аз. 22 теңгеге өсті ғой. Бұрын арзандау еді.

- Ал сарапшылар бағаның   құбылуын бәсекелестіктің жоқтығымен байланыстырады. Сарапшы Марат Бәшімов мұндай жағдайда үкімет бағаны бақылауға алып,  мемлекеттік зауыт салуы керек  дейді.


Марат БӘШІМОВ, САРАПШЫ:


3 зауытымыз ғана бар. Бәрі жекеменшікке кеткен. Олар ылғи қарайды да сілтемесін табады. Ремонт жасап жатырмыз, мынадай жасап жатырмыз.Бір кезде сарапшылар 10 жыл бұрын айтқан мемлекетте ақша бар ғой мұнай біздікі жер біздікі. Біз неге мемлекет зауытын құрып, сонда конкуренция бойынша бағалар түсіп қалады ана бензиннің.


Жауапты министрліктің мәліметінше, елде мұнай өнімдерінің қоры жеткілікті. Бірақ бағаны нарық реттейді дейді.

Нұрлан НОҒАЕВ, ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІ:

Жанар-жағармай бағасының өсуі бұл мұнай өңдеу зауыттарының қалыпты жұмыс істемеуінің салдары деп айтуға болады. Бірақ қазіргі таңда бізде жанармай шығаратын 3 зауыттың да үшеуі тұрақты жұмыс жасап отыр. 16 -жылдан бастап жанар-жағармайдың бағасын үкімет реттемейді. Бұл нарықтағы ұсыныс пен сұраныстан қалыптасатын жағдай.

Бірақ салыстырмалы қарағанда, мұнай өнімдері біздің елімізде біршама арзан. Мысалы, АИ-92     Өзбекстанда - 241, Қырғызстанда - 254, Ресейде 273 теңге. Ішкі нарықта баға төмен болғандықтан отандық өнім көршілес елдер нарығына    кетеді, содан тапшылық туындайды. Министрдің сөзінше, тиісті шаралар қабылданып жатыр. Биыл жанар-жағармай экспорты тоқтатылды. Сонымен қатар сұйық отынды 20 литрден артық алуға тыйым салынған.

Б. Сатуов