$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Назарбаев пен Путин не туралы сөйлесті?

AstanaTV
01.07.2021ж. 20:00
2424
Назарбаев пен Путин не туралы сөйлесті?

Қазақстан мен Ресейдің ынтымақтастығы –мемлекетаралық қатынастардың жарқын үлгісі. Мәскеуде Владимир Путинмен кездескен Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді. Сондай-ақ, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Ресей басшысына пандемия кезінде көрсеткен қолдауы үшін ризашылығын білдірді.

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ, "NUR OTAN":

Біздің қатынастарымыздың тарихы - Қазақстан мен Ресей арасындағы қатынастардың тұрақтылығы және мемлекетаралық қатынастар  үшін үлгі болып табылады. Мен осы қағиданы ұстануды әрі қарай жалғастырамын.Пандемия кезінде Қазақстанды қолдағаныңыз үшін  алғыс айтамын.

Өз кезегінде Владимир Путин екі ел арасындағы тауар айналымы артып келе жатқанын, бұған пандемия кедергі бола алмайтынын айтты.

Владимир ПУТИН, РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Ресей-Қазақстан қарым-қатынастарының динамикасы бізге болашаққа сеніммен қарауға мүмкіндік береді. Пандемия тауар айналымының 4 немесе 5 пайызға төмендеуіне әсер еткеніне қарамастан, осы жылдың бірінші жарты жылдығында біз 20 пайызға жуық өсім бар екенін көріп отырмыз. Бұл біздің қарым-қатынастарымыздың тек осы бағытта ғана емес, басқа салаларда да оңтайлы дамитындығының айқын дәлелі.

Л. Қуанышқызы