Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Мәжіліс депутаттарының өңірлерге сапары жалғасуда

AstanaTV
08.07.2021ж. 20:00
2358
Мәжіліс депутаттарының өңірлерге сапары жалғасуда

Мәжіліс депутаттарының өңірлерге сапары жалғасуда. Тобыл өңіріне барған бір топ халық қалаулылары, Рудный шаһарында болды. Шағын қаладағы арендалық баспана құрылысымен танысты. Мәжілісмендер 60 пәтерлі екі үйдің құрылысына тексеріс жүргізді. Мердігер ұйымдар нысандарды жыл соңына дейін қолданысқа беруді жоспарлап отыр. Қазіргі таңда қала бойынша 5 мың 500 адам үй кезегінде тұр. Оның жартысына астамы әлеуметтік осал топқа жататын отбасылар екен. Арендалық баспана бой көтерген соң 120 отбасы үймен қамтамасыз етілмек.

Әлия САПАРОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «NUR OTAN» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Бұл - негізі «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында салынып жатқан нысан. Сол себептен бұл нысанның жаңағы құрылыс барысымен таныстық, құрылысшылармен кездестік. Олардың көтеріп жатқан мәселерімен де танысып олардың сұрақтарына жауап беруге тырыстық.

Ал, Жамбыл облысына барған депутаттар жергілікті шаруа қожалықтарының тыныс-тіршілігімен танысты. Тараптар  агросаланы дамыту жолдарын талқылады. «Тимофеев» шаруа қожалығы биыл 2 мың 500 гектар жерге егін егіп, 34 жергілікті тұрғынды жұмыспен қамтып отыр. Депутаттар халықтың өмір сүру жағдайын жақсарту, партияның сайлауалды бағдарламасын орындау "Жол картасында" орын алғанын, еске салды.

Мейрамбек ТӨЛЕПБЕРГЕН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «NUR OTAN» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:


Жем шөп мәселесін және судың тапшы бола бастауы, сосын тауарлардың картоп секілді, сәбіз сияқты тауарлардың қымбаттауы елді алаңдатпай тұрмайды сондықтан бағаны тұрақтандыру, өзіміздің азық түлік қауіпсіздігін сақтау, қамтамасыз ету керек. Мәселен картоп мәселесін еліміз өз ішкі нарығын 110 пайызға қамти алады. Осындай мәселелерде Жамбыл облысының мүмкіндігі көп.


Екібастұзға атбасын бұрған мәжілісмендер болса, өндірісті өлкедегі салынып жатқан жұқпалы аурулар ауруханасының құрылысын, жолдардың сапасын бақылап қайтты. Сонымен қатар теміржол дөңгелектерін шығаратын кәсіпорынды аралады. Зауыттың қуаттылығы жылына 20 мың жұп дөңгелек шығаруға қауқарлы. Өнім еуропалық стандарттарға ие. Өндіріс ошағы толық автоматтандырылған.

Анатолий БОЙЧИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «NUR OTAN» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

4 жыл бұрын бұл кәсіпорын біраз дағдарысқа ұшыраған болатын. Қазір өздеріңіз көріп тұрғандай жұмыс қайта жанданған. Қоймалар дайын өнімге толы, жөнелтілуге әзір тұр. Кәсіпорын толық қуаттылыққа көшкен.  Бұл әрине бізді қуантып отыр. Өйткені, жұмыс жанданса, жұмысшылардың жалақысы да өседі.

Б. Жұмабайұлы