Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Ақмола облысы Шортанды ауданында 4 ауылдың әкімі сайланбақ

AstanaTV
08.07.2021ж. 20:00
2918
Ақмола облысы Шортанды ауданында 4 ауылдың әкімі сайланбақ

Халық әкімді өз ортасынан таңдауы керек. Сонда ғана елді-мекенге жаны ашитын билік қалыптастыруға мүмкіндік туады. Көптен күткен сайлаудың ауылы алыс емес. Ақмола облысы, Шортанды ауданында биыл 4 округтің әкімі сайланбақ. Новокубанька ауылдық округі де науқанға сақадай сай. Ауылдың қазіргі әкімі алдағы сайлауға үміткер атанып отыр. Жергілікті халық 8 жыл бұрын Рахат Марданды ауыл басшылығына өздері ұсынған екен. Осы уақытқа дейін, әлеуметтік нысандар бой көтеріп, халықтың тұрмысы едәуір жақсарған көрінеді.

Рахат МАРДАН, НОВОКУБАНЬКА АУЫЛЫНЫҢ ӘКІМІ:


Бұл ауыл 30-шы жылдары салынған. Міне 70 жылға жуықтады. Ауыл жолдарының тозығы жетті. Осыған дейін қарап отырмай, ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргіздік. Бірақ, ол нәтиже бермеді. Жамаудан ештеңе шықпаған соң, 4 көшенің сметасын ауданға жібердік. Биыл 1 көшеге рұқсат берілді. Толық асфальттау жұмыстары жүріп жатыр.

2,5 мыңға жуық тұрғыны бар ауылда бірнеше көшеге жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Тіпті, 3 жыл бұрын мәдениет үйі қайта салынып, халық игілігіне берілген. Тұрғындардың алдағы сайлаудан үміті зор. Бұған дейінгі сайлау жүйесінің өзгергеніне қуанады. Себебі, үміткерлерді ауыл жұрты өздері сайлайды. Бұл билік пен халықтың арасын жақындастырады,-деді жұртшылық.

Людмила ЛИПСКАЯ, НОВОКУБАНЬКА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Ауылда мәселелер баршылық. Жол, жарық және жайылым мәселелері біраз жылдан бері халықты титықтатқан еді. Дегенмен соңғы бірнеше жылда барлығы ақырындап реттеліп келеді. Ал алдағы сайлауға келсек, 3 үміткер қатысып жатыр екен. Халық қалаулысына айналған әкім сайланып, ауылды көркейтуге үлес қосса біз үшін сол қуаныш.

Ғ.Өтемісов