Ауа райы -
×
Негізгі / Жаңалықтар / Елде қыркүйектен бастап 7,5 мыңға жуық мектеп дәстүрлі оқыту форматына көшпек - Министрлік

Елде қыркүйектен бастап 7,5 мыңға жуық мектеп дәстүрлі оқыту форматына көшпек - Министрлік

Педагогтар мен қызметкерлерді 100% вакциналаумен қамтамасыз еткенде ғана, мектептер дәстүрлі оқыту форматына көше алады. Бұл туралы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов «Nur Otan» партиясы жанындағы Білім мен ғылымды дамыту жөніндегі кеңесте хабарлады. Ал Жоғары оқу орындарында 18 жастан асқан студенттер де вакциналануы немесе қашықтан оқытуға ауыстырылуы тиіс,-деді. Кеңес мүшелері офлайн оқуға оралу үшін санитарлық талаптар қатаң сақталуы керек деп отыр.
 
Ерлан ҚИЯСОВ, ҚР ДСМ БАС МЕМЛЕКЕТТІК САНИТАРЛЫҚ ДӘРІГЕРІ:

Мектептердегі сақтық шаралары бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салуды, сыныптарды бөлуді және әртүрлі сыныптар үшін үзіліс уақытын бөлуді, асханада тамақтану барысына бақылауды күшейтуді қамтиды.

Ал Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова, 1 қыркүйектен бастап, 7,5 мыңға жуық мектепті ашу жоспарланып отырғанын жеткізді. Сондай-ақ, ол «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын орындауға арналған "Жол картасы" аясында биыл 200 мектеп салу және 1 мың мектепті жаңарту міндеті тұрғанын атап өтті.

Шолпан КАРИНОВА, ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Барлық мектептерде талаптарды сақтау үшін әр сыныпта 25 баладан аспайтын талаптар қойылды. Әр ата- ана санитарлық-гигиеналық ережелерді сақтауы үшін арнайы жұмыстар жүргізілуде.

Ғ.Өтемісов