$445.68 €478.35 ₽5.57
×

8 қазақстандық "1xBet" букмекерлік компаниясының акцияларында автокөлік ұтып алды

AstanaTV
09.07.2021ж. 20:00
1673
8 қазақстандық "1xBet" букмекерлік компаниясының акцияларында автокөлік ұтып алды

Букмекерлік компанияның көлігі бұйырды. Еліміздің сегіз тұрғыны "Тойота Камри 70" және "Лэнд Крузер Прадо 150" маркалы жаңа автокөліктердің қожайыны атанды. Олар "1xBet" букмекерлік компаниясының "Автобум" ауқымды акциясына қатысқан. Жеңімпаздар кездейсоқ сандар генераторының көмегімен таңдалды. Акция екі жарым ай бойы өтті. Автокөлік иелері өз қуаныштарын біздің тілшілермен бөлісті.

Денис Базылев өзінің жаңа "темір тұлпарына" шаң жуытқысы жоқ. "1xBet" букмекерлік компаниясының акциясында автокөлік ұтып алу мен үшін тосын сый болды, - дейді ол. Бірнеше рет бәс тіккен алматылыққа, бұл жолы сәттілік серік болған. Акцияны ұйымдастырушылар оған хабарласып, автокөлікті алып кету керектігін айтқан. Енді Денис "Toyota Camry 70" көлігін тек атаулы мерекелі күндер ғана тізгіндеуді жоспарлап отыр.

Денис БАЗЫЛЕВ, «АВТОБУМ» АКЦИЯСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ:

Өзімде басқа көлігім бар. Енді бұл машина менің салтанатты сәттерде ғана тізгіндейтін тұлпарым болады. Яғни, демалыс күндері қызыммен бірге қала жаққа барамыз. Ал бұрынғы көлігіммен жұмысқа қатынмаймын. Біз ұтысқа алғашқысында сенген жоқпыз, көлікті тізгіндегенде ғана ақиқат екеніне көзім жетті.

Дениспен қатар тағы жеті қазақстандық керемет ұтысқа кенелді. "Toyota Camry 70" маркалы бес автомобиль Нұр-Сұлтан, Атырау, Өскемен, Петропавл және Шымкент шаһарындағы иелеріне аттанды. Ал "Land Cruiser Prado 150 " елорда мен Алматы тұрғынына бұйырды. Құны қымбат сыйлықты ұтып алу үшін еліміз бойынша барлығы он бес мың адам бақ сынаған көрінеді.

Санжар ТОҚТАСЫН, «1XBET» БУКМЕКЕРЛІК КОМПАНИЯСЫНЫҢ PR ДИРЕКТОРЫ:

Бұл "1xBet" тарихындағы ең  ауқымды акция. Жүлде қоры 120 миллион теңгеден астам. Қатысушылар 15 мыңнан асты. Акцияға қатысқан барлық билеттер саны – 6 миллионнан артық. Әрбір қатысушы шынайы. Біз "1xBet Қазақстан" науқанының барлық жеңімпаздарына жүлделерді табыстаймыз.

"Автобум" жеңімпаздарының бірі атану үшін акция парақшасындағы "қатысу" батырмасын басып, бәс тіксеңіз  жеткілікті. Ұйымдастырушылар басқа да қатысушыларды назардан тыс қалдырған жоқ. Автокөліктерден өзге бес смартфон, ойын приставкалары және көптеген ынталандыру сыйлықтары ұтысқа түсті. Айтпақшы акцияның жеңімпаздары келесі ұтыс ойындарына тағы қатысуды жоспарлап отыр. Олар сәтін салса ірі сыйлықтарды олжалайтындарына сенімді.  

З. Санай