Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Дәстүрлі білім беру форматына көшуге дайынбыз ба?

AstanaTV
12.07.2021ж. 20:00
1787
Дәстүрлі білім беру форматына көшуге дайынбыз ба?

Жаңа оқу жылынан бастап, студенттер мен оқушылар дәстүрлі оқу форматына көшуі тиіс. Мемлекет басшысы Үкіметке осындай тапсырма жүктеді. Өйткені онлайн оқу - елдегі білім процесіне айтарлықтай зиянын тигізді, деді. Вирустың жаңа штамдары пайда болған сәтте, мұндай міндетті орындау оңай емес. Осыны ескерген Президент оқушылар мен мұғалімдерді қорғайтын кешенді жоспар әзірлеуді тапсырды. Сондай-ақ жұртты дүрліктірген жасанды құжат жасау мәселесіне тосқауыл қоюдың маңыздылығын атап өтті.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:


Осыған дейін де айттым, вакцинация туралы жалған сертификаттар жасау нарығы пайда болды. Мұндай деректерді тұтас қоғамның денсаулығы мен қауіпсіздігіне төнген тікелей қауіп деп түсіну қажет. Демек, жазаға тарту шарасы да қатаң болуға тиіс.

Кеңейтілген жиында Президент ауыл шаруашылығы министрлігін сынады. Азық-түлік бағасын реттеу мәселесін жүйелендіре алмады,-деді. Тек ол емес қуаңшылықтан зардап шеккен аймақтарға қажетті көмек көрсетілмегенін баса айтты. Әкімдіктердің және Ауыл шаруашылығы министрлігінің тарапынан дұрыс шешім қабылданбаған. Жүйелі әрі нақты жұмыс атқарылмаған. Соның кесірінен шаруаларымыз тығырыққа тіреліп отыр,-деді мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Ең алдымен, осындай күрделі кезеңде тиісті министрлік шұғыл және батыл шешімдер қабылдауы қажет еді. Бірақ, министрлік бұл жұмысты тиімді ұйымдастыра алған жоқ. Сондықтан осы салаға бірден-бір жауапты тұлға ретінде министр Сапархан Омаровтың отставкаға кеткені дұрыс деп есептеймін. Бұл жұмыс, әсіресе, дағдарыс кезінде қолыңыздан келмейді екен.

Үкімет пен әкімдер «Бәйтерек» холдингімен бірлесіп, зиян шеккен фермерлерге қолдау көрсету үшін шұғыл түрде кешенді шаралар әзірлеуге тиіс. Президент төтенше жағдайға арналған резервті пайдалануға кеңес берді.

Ғ. Өтемісов