Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Денсаулық сақтау саласында бюрократия азаяды - Депутат

AstanaTV
12.07.2021ж. 20:00
998
Денсаулық сақтау саласында бюрократия азаяды - Депутат

Денсаулық сақтау саласында бюрократиялық рәсімдерді азайту қажет. Бұл қажетті жабдықтармен қамтамасыз етуге кедергі келтіреді. Әрі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерімен ұштасады. Дәрілердің де, клиникалардағы қызметтің де бағасы әр аймақта әрқилы. Мысалы, жүректің жасанды қақпақшасының құны 165-тен 600 мың теңгеге дейін барады. Бұл туралы мәжіліс депутаттарының Ақтөбеге сапары кезінде белгілі болды. Бұдан бөлек, өңір тұрғындары өздерін толғандырған газ, су және өзге де әлеуметтік мәселелерін ортаға тастады. Мәжілісмендер аймақта сайлауалды бағдарламада көрсетілген индекаторлардың орындалуын жіті қадағалаймыз деп отыр.

Ғ.Өтемісов