Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Нұротандықтар шекара маңындағы аймақтарды дамыту мәселесін талқылады

AstanaTV
14.07.2021ж. 20:00
1503
Нұротандықтар шекара маңындағы аймақтарды дамыту мәселесін талқылады

Шекара маңындағы аймақтарды қолдау және дамыту мәселелерін Шығыс Қазақстанға барған «NUR OTAN» фракциясының мүшелері-   Мәжіліс депутаттары қоғам қайраткерлері және дәрігерлермен өткен кездесуде талқылады. Нұротандықтар барлық бес шекарадағы аймақта болды. Ондағы халықтың үдере көшуін тоқтату үшін арнайы аймақтық бағдарлама қабылданған. Бұл -партияның аймақтық сайлауалды бағдарламасының маңызды бағыты. Жас мамандар тұрғын үймен қамтамасыз етілген. Осы 5 ауданда жаңа жолдар төселіп, әлеуметтік нысандар салынған. Кейбір мектептердің құрылысы әлі жүріп жатыр. Перзентханалар мен өзге де бөлімшелерді жөндеуге 5 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінген.

Ерлан САЙЫРОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «NUR OTAN» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:


Бұрын мамандарды ынталандыру болатын. Сол тәжірибеге қайта оралу керек.   Екіншіден, инфрақұрылымды реттеуді, жолдарды жөндеуді аяқтауымыз керек, адамдар жайлы өмір сүруі тиіс. Бұл әлеуметтік стандарттарды көтеру қажет. Қадамдар жасалуда.    Шіліктіге Зайсаннан газ жеткізу, сумен жабдықтау мәселесі бар.  

Депутаттар онкологиялық орталықтағы әлемдік деңгейдегі әмбебап операцияларды жасауға арналған заманауи озық құралдарды көрді. Облыс тұрғындарына шетелдік клиникаларға барудың қажеті жоқ. Орталық дәрігерлері Еуропаның ең алдыңғы медициналық мекемелерінде білім алған. Тағы бірнеше хирургиялық бригада Израильге тәжірибе алмасу үшін бармақшы. Депутаттар осындай білім алу бағдарламасын бүкіл ел аумағына енгізу қажет екенін айтты.  

Зарина КАМАСОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «NUR OTAN» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Біз құрылғылары бар, бірақ ешкім қолданбайтын жерлерде де болдық. Бұл орталықтағы мәселе шешілген. Менің ойымша, олардың басты артықшылығы  алғашқы медициналық көмек көрсетумен байланыстары бар.Олар бір-бірімен қоян-қолтық жұмыс істейді. Міне, олар ортақ чаттың іске қосылғанын айтып отыр. Аудандардан неше түрлі шағым түссе, ол ортақ чатқа да салынады. Мұндай қызмет кез-келген ауруханада жоқ. Осылайша, олар жедел қызмет етеді, диагностика мен хирургия жақсы жетілген. Бұл аурухана Шығыс Қазақстанның мақтанышы ғана емес, мұнда әлемдік деңгейдегі операциялар жасалады.

Ал, Риддерде халық қалаулылары орман өртінен зардап шеккен тұрғындармен кездесіп, салынып жатқан нысандарға баға берді. Айта кетейік, 18-шілдеден бастап, жұрт жаңа баспаналарға көшіп келеді.  

Л. Қуанышқызы