Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Арманның арманы ауылын көркейту

AstanaTV
15.07.2021ж. 20:00
3398
Арманның арманы ауылын көркейту

Қостанай облысы Денисов ауданы бойынша ауылдық округ әкімінің сайлауына сегіз үміткер түсуде. Оның үшеуі «Nur Otan» партиясы атынан қатысып жатыр. Арман Дабылов -Антоновка ауылының тумасы. Жоғары оқу орнын тәмамдаған соң туған еліне оралып, еңбек жолын орта мектепте  бастаған. Қазір аудандық білім бөлімінде жұмыс істейді.Арман Мырзағұлұлы ауылын көркейту мақсатында сайлауға түсіп жатқанын айтады. Ол -«Nur Otan» партиясы атынан Тельман ауылдық округі әкіміне үміткер.    Балалар және спорт алаңдарын салу, мектептер мен ауыл жолдарын жөндеу секілді мәселелерді шешуге үлес қоспақ.

Арман ДАБЫЛОВ, ТЕЛЬМАН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНЕ ҮМІТКЕР:


Осы Антоновка ауылында туып өскендіктен туған жерімнің түйткілді мәселелерін түгел білемін. Сондықтан бар күш-жігерімді, білімім мен тәжірибемді жерлестерімнің жағдайын, ауылдың жағдайын жақсартуға жұмсаймын. Ауылдастарыммен ақылдаса отырып барлық мәселелердің шешу жолдарын қарастырам.

Ауыл әкіміне үміткер Арман Дабылов алғашқы үгіт-насихат жұмысын жергілікті агрофирмадан бастады. Кәсіпорында жетпіске жуық адам жұмыс істейді. Кездесуге мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева да қатысты. Тұрғындар үміткер мен халық қалаулысына түрлі сауалдар қойып, тұшымды жауап алды.

Екатерина СМЫШЛЯЕВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «NUR OTAN» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:


Ол жергілікті мәселелерді жетік біледі. Өйткені өзінің туған ауылы ғой. Қалада оқып, білім алды. Аудандық әкімдікте жұмыс істеді. Білім саласының білікті маманы. Ауылдастарын жақсы біледі. Енді міне өз ауылына оралып, еңбек етуде. Саналы түрде өз ауылының жағдайын  жақсартам деген  мақсатпен сайлауға түсіп жатыр.

З. Санай