Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Елордада көпқабатты үй тұрғындары жағымсыз иіске тұншығып отыр

AstanaTV
16.07.2021ж. 20:00
1727
Елордада көпқабатты үй тұрғындары жағымсыз иіске тұншығып отыр

Елордадағы көпқабатты үйдің тұрғындары арнамызға шағымданып, жағымсыз иіске тұншығып отырғандарын айтты. "Пәтер түгілі үйдің маңына жолау мүмкін емес",- дейді олар. Тұрғындардың айтуынша  қалалық кәріз коллекторы жарылған.   Соның салдарынан бірнеше үйдің жертөлесін су басқан.  

Бұл -  тұрғын үйдің пайдалануға берілгеніне 10-ақ жыл болған. Бірақ кәріздік құбырлар сын көтермейді. Тұрғындардың айтуынша, қалалық су бұру жүйесінің коллекторлары жарылып, кәріз құдықтары суға толған. Енді қолқаны қапқан сасық иіске тұншығып отырмыз дейді олар.

Наиля РАХИЖАНОВА, ТҰРҒЫН:

Мұндағы тұрғындардың басым көпшілігі үйлерін енді алғандар, бірақ коммуналдық мәселе шаш етектен. Құбырлар шіріп жатыр, күнде бір жағдай болады.  Мен үй пайдалануға берілгелі тұрамын. Кем-кетікті өзіміз жөндейміз, біздің жағдайымызды көріп жатқан ешкім жоқ.

Пәтер иелері кооперативінің төрағасы да мәселені шешуге дәрменсіз. Кәріздік құбыр жарылғалы жауапты мекемелерге жүгінген, бірақ нәтиже шығар емес.

Нұрлан ҚОШТАЕВ, ПИК ТӨРАҒАСЫ:

Ағын су кедергісіз жүруі үшін кәріз құбырларын тазаласын. Жұма күннен бері арпалысып келеміз, дүйсенбі күні мүлде үнсіз қалды. Дүйсенбі күні жауапты мекемелерге хат жолдадық,хабарластық, жауап жоқ . Осы күнге дейін бір әкімдіктің, не «Су арнасы» -ның жауаптысын көрмедік.


Пәтер иелері кооперативі төрағасының айтуынша тозығы жеткен кәріз коллекторы «Астана-су» кәсіпорнына тиесілі.

Назгүл СЫЗДЫҚОВА, «АСТАНА СУ АРНАСЫ» МКК БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:

«Олимп Палас» тұрғын үй кешенінен ағынды суды тасымалдайтын 200 мм кәріз желісі қазір штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Жертөлені су алу жағдайы үйдің ішкі желілерінің нүктесінде пайда болған.  Бұл мәселені шешу үшін іргетасқа гидроизоляция жүргізіп, оларға клапандар орнату қажет.


Лас суға шыбын-шіркей, құрт-құмырсқа  үймелеп жатыр.  Жауапты мекеме жертөлені тезірек судан тазартып, құрғатпаса жағдай қиындай түседі дейді тұрғындар. Сондықтан жұмыстарды қарқындатуды сұрайды.   

Ә. Дүкембаева