Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Депутаттар шалғай ауылдарды аралады

AstanaTV
16.07.2021ж. 20:00
2322
Депутаттар шалғай ауылдарды аралады

Қызылорда облысында «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында 12   мектеп салу, 54 білім беру нысандарына кезең-кезеңімен күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу қарастырылған.

Соның бірі 40 жылдан бері алғаш рет күрделі жөндеуден өтіп жатқан Жалағаш ауданы Таң ауылындағы №118 орта мектеп.    Мәжіліс депутаттары, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшелері Ғалым Әмреев пен Бақытбек Смағұл істеліп жатқан жұмыстарды бақылады.  Қазір жұмыстың 70 пайызы аяқталған. Бұған республикалық бюджеттен 279 млн теңге қаржы бөлінген.  

Бақытбек СМАҒҰЛ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ,"NUR OTAN" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:


Қарқынды жұмыс жүргізіліп жатыр. Материалдарының барлығы бар. Жұмыскерлер жеткілікті. 50-ден аса жергілікті жердің жұмысшылары бар екен. Сыртындағы жабындыларын Шиеліден жақын жерден, өзіміздің өнімдерден алып отыр. Ешқандай кедергі жоқ деп ойлаймыз. Біз талапты қойып, тез бітіруіне қадағалауға. Ертеңгі күні балалардың келуіне ешқандай кедергі болмау керек деп отырмыз.  


Ал Қармақшы ауданына қарасты Ақай ауылында партия атынан ауыл әкімдігіне үміткер Эльмира Қазиева тұрғындармен кездесіп,  өзінің сайлауалды бағдарламасын жан-жақты таныстырды. Кездесуге Қазақстан Республикасы  Парламенті Мәжілісінің депутаты, фракция мүшесі  Геннадий Шиповских, «Nur Otan» партиясы Орталық аппаратының қызметкері Гүлнар Нұрахметқанова да қатысты. Олар ауыл халқын толғандырған мәселелерді тыңдап, алдағы уақытта жүйелі жұмыстар жүргізуге уәде етті.

Геннадий ШИПОВСКИХ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ,"NUR OTAN" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Жан-жақты ауылдарды, елді-мекендерді аралаудамыз. Соның ішінде, бүгінге мәжіліс депутаттары шалғай-шалғай жерлерге барып жатыр. Осы барлық ұсыныстарды алып, алдағы уақытта премьер-министрдің канцеляриясына депутаттық сауал есебінде жолдау, ең бастысы.


М. Тоқтасынқызы