Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Балаларға арналған ойын-сауық орталығында жарылыс болды

AstanaTV
19.07.2021ж. 20:00
1639
Балаларға арналған ойын-сауық орталығында жарылыс болды

Қызылордада балаларға арналған ойын-сауық орталығында жарылыс болды. Салдарынан ғимараттың терезелері сынып, бірінші қабатты толық от шарпыған. Жапсарлас орналасқан үйге де едәуір зақым келген. Абырой болғанда, ол сәтте ойын-сауық орталығында адам болмаған.  

Әли ДҮЙСЕБЕКОВ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ӨРТ СӨНДІРУ ЖӘНЕ АВАРИЯЛЫҚ ҚҰТҚАРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕДЕЛ КЕЗЕКШІСІ:

Салдарынан көрші орналасқан Жеңіс көшесі 3 терезесі және ауласында орналасқан сарайының құлағаны анықталды. Қазіргі таңда өрттің шығу себептері анықталуда. Болжам бойынша, өрттің шығу себебі табиғи газдың жиналып жарыс тапқаны.


М. Тоқтасынқызы