$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Германияда жойқын тасқыннан кейін экономикалық есептеу басталды

AstanaTV
19.07.2021ж. 20:00
1823
Германияда жойқын тасқыннан кейін экономикалық есептеу басталды

Германияда жойқын тасқыннан кейін экономикалық шығын есептеле бастады. Бұл кадрларға қарағанда, ол миллиардтаған евроға жетуі мүмкін. Ал қалыпқа келтіру жұмыстары бірнеше жылдарға созылуы ықтимал.  Германияның қорғаныс министрлігі әскери апат режимін жариялады. Гүлденген және абаттандырылған Германияның қазіргі жағдай осындай.  Тас жолдар мен көпірлер қирап, қатынас қиындаған. Таза су мен электр энергиясы жүйесі істен шығып, телефон байланысы үзілген. Көпшілік үшін бұл психологиялық соққы.

Комидан, ГЕРМАНИЯ ТҰРҒЫНЫ:

Мен қазір не істерімді білмеймін. Менің төрт балам бар. Бұл шынымен де апат. Үйді қалпына келтіруге қанша уақыт кететінін білмеймін, мүмкін бір-екі жыл керек шығар. Біз жұмыссыз қалдық. Қайта қалыпқа келуіміз біз үшін- ең үлкен мәселе.

Германиядағы су тасқынынан 188 адам қаза тапты. Бір жарым мыңнан астам тұрғын хабар-ошарсыз кеткен, соған байлагысты алдағы уақытта қаза тапқандар саны тағы артуы мүмкін. Көршілес ел Бельгияда да 27 адам суға   кетті деген ақпарат бар.  Жауын-шашын сондай-ақ Австрия, Швейцария, Люксембург және Нидерландыға    соққы берді. Апат салдарынан инфоқұрылымға оның ішінде тұрғын үйлерге   айтарлықтай зиян келген. Бельгияда -ертең яғни-20 шілде- ұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

А. Дукембаева