Ауа райы -
×
Негізгі / Жаңалықтар / Павлодарда 500-ден астам студент басқа оқу орнына ауысуға қарсылық танытты

Павлодарда 500-ден астам студент басқа оқу орнына ауысуға қарсылық танытты

Павлодарда 500-ден астам студент басқа оқу орнына ауысуға қарсылық танытты. Бұған университеттің басқа бағытта мамандар даярлауға көшуі себеп болған.  Жаңа оқу жылынан бастап, олар тек техникалық мамандық иелерін ғана оқытпақ. Ал педагогикалық мамандықты таңдаған студенттер басқа университетке баруға қарсы. Себебі, студенттер басқа оқу орындарында оқу ақысы тым қымбат дейді.

Арманай ҒАБДУЛОВА, СТУДЕНТ:

Жылына 339 мың төлеймін мен өзім. Басқа университетте 500 мыңдай төлеу керек болады. 200 мыңдай айырмашылық бар. Сосын бірінші екінші курста болмаған пәндер олардың ақшаларын тоже біз төлеу керек. Чтобы біздің дипломда сол предметтер тұрғандай. Ол бір пердметтің өзі 70 мыңдай Егер былай санасақ 14 пән бір жылға. И сонымен миллиондай ақша төлеп тастауымыз керек.

Балаларының болашағына ата-аналар да алаңдаулы. Қымбат оқу ақысын төлеуге шамамыз келмейді дейді.  
Дина СМАҚОВА, АТА-АНА:

Біз бұған дейін де сұрадық. Студенттерді басқа университетке ауыстыру туралы құжаттарыңыз бар ма - деп. Бірақ, ешқандай құжат көрсетпеді. Бізге бар айтқаны Павлодар педагогикалық универсиетімен келісім шарт жасалған. Оқу ақысы бәрі сақталады - деп айтады. Алайда, құжат жүзінде ешқандай құжат көрсете алмады. Бізге тек ауызша уәде береді. Қазіргі заманда ауызша уәдеге кім сенеді. Біз ата-аналар балаларымыздың болашағы үшін алаңдап отырмыз.  

Ал университет ректоры ешкім далада қалмайды - деп сендірді. Студенттердің басқа оқу орнына ауысына ешқандай кедергі жоқ екенін айтады. Ал тәлімгерлердің жол ортада қалуына Білім министрлігінің жоғары оқу орындарын бір салаға бағыттауы себеп болды дейді.

Анастасия АЛИЯСОВА, УНИВЕРСИТЕТ РЕКТОРЫ:

Педагогикалық университет біздің студенттерді қабылдауға әзір.  Ешқандай проблема болмайды. Студент қай курсты аяқтады сол курсты жалғастыратын болады. Оқу ақысы, академиялық пән айырмашылықтары сақталады. Сондықтан, бұл жерде аса күрделі дүние жоқ.
Бірақ студенттер мен ата-аналар алаңдаулы.  Өйткені, әр университеттің өз талабы мен тәртібі барын айтады. Ал басқа жоғары оқу орнына ауыспаса, оқудан шығып қалады. Сондықтан   ата-аналар Президентке   хат жазып, көмек сұрамақшы. 
 

Ө. Қуанар