Ауа райы -
×
Негізгі / Жаңалықтар / Ақмола облысында өсімдік майын өндіретін зауыт іске қосылады

Ақмола облысында өсімдік майын өндіретін зауыт іске қосылады

Ақмола облысында өсімдік майын өндіретін зауыт іске қосылады. Ірі инвестициялық жобаның құрылысымен Мәжіліс депутаттары танысты. Жаңа кәсіпорынның өндірістік қуаты -тәулігіне 600 тонна. Болашақта өнімді көрші елдерге экспорттау жоспарланып отыр. Сондай-ақ 100-ден астам адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Тіпті жұмысшыларға қызметтік пәтер   ұсынылады. Ол үшін Макинск қаласында орналасқан 60 пәтерлі тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.   

Василий БОРЕВИЧ, ЖШС АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:

Отандық нарықты қамтып қана қоймай, өнімді  шетелге де шығарамыз.Майға сұраныс жоғары. Сондықтан, барлық күтілетін нәтижелерге толық қол жеткізетінімізге сенеміз.

Зауытқа қажетті материалдар Қытай мен Германиядан әкелінген. Құрылыс басталғалы 30 адам жұмыспен қамтылды. Фракция мүшелері мұнан кейін өңірдегі басқа да әлеуметтік нысандарды аралады.  Қамбада болды. Мұндағы жұмыстар көңіл көншітеді. Науқанға сақадай сай.

Ғ.Өтемісов