Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Жансақтау бөлімі толуға жақын. Елордалық дәрігерлер дабыл қақты

AstanaTV
26.07.2021ж. 20:00
1512
Жансақтау бөлімі толуға жақын. Елордалық дәрігерлер дабыл қақты

Елордада реанимациялық бөлімдер 84 пайызға толды. Індет жұқтырып ауруханаға түсіп жатқандар өте көп. Елордада коронавирус инфекциясы бойынша жағдай күрделі. Пандемия басталғалы тек қауіпті індетке шалдыққандарды қабылдап жатқан қаладағы көпбейінді №3 балалар ауруханасында қазірдің өзінде төсек-орын тапшы. Дәрігерлердің айтуынша, науқастардың басым бөлігі карантин талаптарын сақтамай, вирус жұқтырған.  

Бекайым КАМАЛ, НҰР-СҰЛТАН қ. КӨПБЕЙІНДІ №3 ҚАЛАЛЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ БӨЛІМШЕ МЕЙІРБИКЕСІ:


Ойын-сауық орталықтарына, кинотеатрларға, парктерге шығудың қажеті жоқ. Өз-өзін күтініп, үйде отырған дұрыс.  Егде жастағы кісілерге бұл коронавирус ауруы өте күрделі. Ол кісілердің иммунитеттері әлсіз. Бұл аурумен күресе алмай жатыр көбісі.


Бас қалада 16 инфекциялық стационар бар. Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйенсек, 248 адам жансақтау бөлімінде жатыр.  Оның 77-сінің жағдайы өте ауыр. Ал еліміз бойынша, жаңа антирекорд тіркелді.  Соңғы тәулікте 6637 адамнан қауіпті вирус анықталды, 70 адам көз жұмды.  Әлем елдері арасында Қазақстан  короновирустан қайтыс болғандардың апталық көрсеткіші бойынша 17 орында.  COVID-19-дың таралуына жол бермеу жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның мәліметінше, Түркістаннан басқа 16 өңір "қызыл" аймақта орналасқан.

А. Данияр