$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Ұлттық банк: Маусымда ақша айырбастау пункттерінде еуроны сату-сатып алу үш есе өсті

AstanaTV
26.07.2021ж. 20:00
2111
Ұлттық банк: Маусымда ақша айырбастау пункттерінде еуроны сату-сатып алу үш есе өсті

Елімізде ЕУРО-ға сұраныс артқан. Құнды қағаз маусым айында ақша айырбастау пункттерінде мамыр айына қарағанда 3,4 есе көп сатылған және сатып алынған. Ұлттық банктің ресми сайтында "Маусымда ақша айырбастау пункттерінде еуроны сату-сатып алу 29,2 млрд теңге болды» – деп жазылған.   Сондай-ақ Ұлттық банктің есебінше, өткен айда   АҚШ долларының сатып алынған және сатылған көлемі -154 млрд теңге, рублді сату-сатып алу - 53 млрд теңге, ал фунт стерлингті сату-сатып алу-380 миллион теңге болған. Ең көп еуро -10 млрд теңге Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде сатылған.   

Л. Қуанышқызы