$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Ауыл әкімдерінің сайлауында халықтың белсенділігі жоғары болды

AstanaTV
26.07.2021ж. 20:00
1968
Ауыл әкімдерінің сайлауында халықтың белсенділігі жоғары болды

Елде алғаш рет өткізілген ауыл әкімдерінің сайлауына халық белсенді қатысқан. Аумақтық сайлау комиссияларының дерегіне сүйенсек, Шығыс Қазақстан облысында сайлаушылардың жалпы санының 90 пайыздан астамы дауыс берген. Онан кейінгі орында Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстары тұр.  Ал, Атырау мен Алматы облыстарында дауыс берудің ең аз көрсеткіші тіркелген. Бірақ соның өзінде сайлауға жергілікті халықтың 70 пайызға жуығы келген.   

АУЫЛДЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ ӘКІМДЕР САЙЛАУЫНДА САЙЛАУШЫЛАРДЫҢ ДАУЫС БЕРУГЕ КЕЛУІ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ:


Шығыс Қазақстан облысы – 90,9%
Жамбыл облысы – 90,7%
Солтүстік Қазақстан облысы – 87,1%
Қостанай облысы – 84,4%
Қызылорда облысы – 83,6%
Маңғыстау облысы – 82,4%
Батыс Қазақстан облысы – 81,4%
Ақтөбе облысы – 79%
Түркістан облысы – 77,1%
Павлодар облысы – 76,9%
Қарағанды облысы – 75,8%
Ақмола облысы – 75,5%
Атырау облысы – 74,4%
Алматы облысы – 66,5%


Ғ.Өтемісов