Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Ақсу қаласында көпбалалы аналар төбесінен су аққан үйде тұрып жатыр

AstanaTV
27.07.2021ж. 20:00
2086
Ақсу қаласында көпбалалы аналар төбесінен су аққан үйде тұрып жатыр

Міне жаңбыр жауған сайын мына жерлерден полностью былай су ағады барлығы. Ақтап, тазалап қоямыз. Бірақ, қайтадан жаңбыр жауған сайын су ағады осылай сарғайып кетеді барлығы. Уже ремонт жасағымызда келмейді.

Ақсу қаласының тұрғыны Айнаш Асайынова төбесінен су аққан үйде тұрып жатыр.  5 баланың анасына бұл үйді әкімдік уақытша тұруға берген. 3 жылдан бері жаңбырмен күресіп әлек.  Өйткені төбеден аққан су астыңғы қабаттағы үйлерге де жеткен. Ал үй іші дымқыл тартқанын айтады.

Айнаш АСАЙЫНОВА, АҚСУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:


Как жаңбыр жауады үйіміз судың астында қалады. Не обой клейт ете алмаймыз. Не ремонт жасай алмаймыз.Тұрмыз енді қалай болатынын. Әкімдерде келді көрді бәрі үйге кірдіү Қарады тексерді. Бәрін істейміз, нетеміз деді.


Бұл бейнежазбаны тұрғындар жаңбыр жауған кезде түсіріп алған.  Тамшылаған судың астына ыдыс қойып, күнелтуге мәжбүр. Бұл баспана 2 жыл бұрын көпбалалы аналарға берілген. Олар содан бері мәселесін айтып, талай есікті қаққандарын жеткізді. Алайда, ешқайсынан нәтиже болмаған. Амалы таусылған соң арнамызға хабарласып, араша сұрады.

Салтанат ҚАЗАЕВА, АҚСУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:


19 жылдан мамыр айынан мұнда бізді көшірді Павлодар қаласынан 27 отбасы. Сол жылдан бастап, бізде төбеден су ағады. Подвалдан жаман иіс шығады. 8 этажда тұрам. Үйімді су басады. Әйнектің астынан су ағады.

Мәселеден жергілікті әкімдік хабардар. Алайда, олар бұл үй біздің балансымызда жоқ - деп,  бастарын ала қашты. Үйге тапсырыс беруші «Павлодар» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы болса, баспаның кепілдік мерзімі бар – деп арқаны кеңге салып отыр.

Асхат ЖАРМАҒАНБЕТОВ, "ПАВЛОДАР" ӘЛЕУМЕТТІК КӘСІПКЕРЛІК КОРПОРАЦИЯСЫНЫҢ ДЕПАРТАМЕНТ ДИРЕКТОРЫ:


Тұрғындар сұрауы бойынша біз техникалық сараптаманы тапсырыс бердік. Бұл сараптаманың нәтижесі бойынша біз іс-шаралар қабылдаймыз.

Сараптама қорытындысы екі аптадан кейін белгілі болмақ. Қалпына келтіру жұмыстарының қашан жасалынатынын мамандар дөп басып айта алмады. Ал тұрғындар үйдің кепілдік мерзімі аяқталуға жақын қалғанын айтып, дабыл қағауда.

Ө. Қуанар