Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Алдағы онжылдықта әдеттегіден де тыс ыстық болады, - ғалымдар

AstanaTV
27.07.2021ж. 20:00
2143
Алдағы онжылдықта әдеттегіден де тыс ыстық болады, - ғалымдар

Цюрихтің Жоғары технология мектебінің ғалымдары адамзатқа алда болатын аптап ыстыққа дайындалу керек деп мәлімдеді.  Олардың айтуынша, температура осыған дейін болған ыстықтан едәуір асады. Болжам бойынша бұл құбылыс алдағы он жыл бойы байқалатын болады. 2021 жылдан 2050 жылға дейінгі аралықта ыстықтың толқыны екі немесе жеті есеге өсуі мүмкін деп отыр. Бұған дейін Аустралия ұлттық университетінің ғалымдары, Жер шарының барлық аймақтарында ауа температурасының жоғарылағанын тіркеген еді. Отандық мамандардың пайымынша, табиғаттағы мұндай құбылыстар, адамзаттың қолынан жасалып отыр.

Жанкелді САПАРҒАЛИЕВ, ГЕОГРАФИЯ МАМАНЫ:
 
Биыл біз байқап отырғандай, барлық материктерде температураның жоғарылауы байқалуда. Жер бетінде орташа температураның артуы ол, әсіресе, адамның яғни антропогендік фактордың әсері болып табылады. Соңғы жүз жылда температура шамамен 0,6 градусқа артты. Ол, әрине, ауаның ластануы, өнеркәсіп санының артуы, орманның кесілуі осының әрекетінен осы жылы біз Қазақстанда температураның жоғары болғанын байқадық.

А. Базарбай